Жолақы 20 теңгеге қымбаттады

Жолақы 20 теңгеге қымбаттады

Жолақы 20 теңгеге қымбаттады
ашық дереккөзі
286
Талдықорған қаласында қоғамдық көліктің жолақысы 20 теңгеге қымбаттады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, бұрын қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүру құны 60 теңге болатын. Жаңа жылдан бастап жолаушылар 80 теңге төлеуі тиіс. Жолақы жанармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауына байланысты өсіп отыр. Дегенмен, 1-ші және 2-топтағы мүгедектер мен ардагерлерге, студенттер мен мектеп  оқушыларына жасалатын жеңілдіктер күшін жоймайды. «2015 жылы білсеңіздер 1 литр бензиннің құны 80 теңге болса, қазіргі кезде 160 теңге болды. Екінші себеп қосалқы бөлшектер, аккумулятор болсын, резиналар болсын, нарыққа байланысты 40-50 пайызға көтерілу себебі бойынша осындай шешімге келдік», – дейді Талдықорған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Қуат Қаниет. Жалпы, Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласында жолаушы тасымалымен айналысатын 7 компания бар. Олар 29 бағыт бойынша қызмет көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары