Елімізде автокөліктерді тіркеу ережесі өзгерді

Елімізде автокөліктерді тіркеу ережесі өзгерді

Елімізде автокөліктерді тіркеу ережесі өзгерді
ашық дереккөзі
399
Елімізде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуге алудың ережелері өзгерді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.  «Мемлекеттік нөмірді қайта алу кезінде 30 күннің ішінде қайтадан баж салығын төлемеу үшін, (2018 жылдан бастап жыл сайынғы АЕК көлемінің өсуіне байланысты 6 798 теңге) агенттіктің нұсқауымен Салық кодексіне өзгертулермен толықтырулар енгізілді. Жаңа ереже ағымдағы жылдан бастап жұмыс істейді», - деп жазылған ведомствоның Фейсбуктегі парақшасында. Ведомство түсіндіруінше, бұрын азаматтар автокөлігін есептен шығарған кезде жаңадан тіркелген көлікте ескі мемлекеттік нөмірін қалдыру үшін 2,8 АЕК көлемінде баж салығын қайта төлейтін. Бұл талап Арнайы ХҚО немесе Ішкі істер министрлігінің тіркеу және емтихан алу бөлімшелерінде болған кезде де қойылатын. Бір жылда орташа есеппен 11 мыңға жуық азамат мемлекеттік нөмірді сақтауға өтінім береді, бұл автокөлік құралдарына 63 млн теңгеден асатын мемлекеттік баж салығына тең. Сонымен қатар жоғалған немесе іске жарамсыз автомобиль нөміріне міндетті түрде алдыңғы және артқы нөмірге (2 бірлік) мемлекеттік баж салығын төлеу қажет болатын, немесе көлікті қайта тіркеу міндеттелетін. Мәселен, мемлекеттік нөмірлердің дубликатын жасау үшін орташа есеппен жылына 1,9 мың азамат 11 млн теңгеден астам қаржыға өтініш береді екен. «Қосымша шығындарды болдырмау үшін, жаңа Салық кодексіне сәйкес автокөлік иелеріне мемлекеттік нөмірге 6 798 теңгенің орнына 3 399 теңгеге өтінім беру мүмкіндігі қарастырылды», - делінген агенттік хабарламасында.  

Серіктес жаңалықтары