Екі жасар қыздың өліміне дәрігерлер кінәлі ме?

Екі жасар қыздың өліміне дәрігерлер кінәлі ме?

Екі жасар қыздың өліміне дәрігерлер кінәлі ме?
ашық дереккөзі
258
Қарағандының жұқпалы аурулар ауруханасына жөтелмен түскен екі жастан асқан Айзере есімді сәби бір апта бойы қиналып, ақыры көз жұмды,  – деп хабарлайды 31 арна. Ата-анасы жалғыз балаларының өліміне дәрігерлерді кінәлі деп санайды. Өйткені мереке күні ақ халаттылардың күтімі түгілі, ақылы емге де қол жеткізе алмадық дейді. Ал дәрігерлер әлсіреген баланы қолхатпен үйіне әкеткен анасының өзі кінәлі деп отыр. Қара жамылған әйелдің жанына перзентінен бір топ дәрігердің ортасында отырып айырылып қалғаны қатты батады. Айтуынша, құса берген қызының қызуымен бүтін бір аурухана бөлімінің ақ халаттылары төрт күн бойы арпалысып, ақыры түсіре алмаған. Қажетті күтім болмағаннан кейін әлсіреген баланы үйге әкеттім дейді анасы. Бірақ арада 13 сағат өткен соң жағдайы нашарлаған бүлдіршін жұқпалы аурулар ауруханасына қайта түскен. Ақыры қол-аяқтары мұздап, қос жанарынан айырылған Айзеренің жүрегі де тоқтапты. Ал дәрігерлер «бізден ағаттық кетпеді» дейді. Өйткені о баста жөтелмен түскен бүлдіршінді толықтай сауықтырдық деп отыр. Және анасы қолхат жазып, қызын үйіне алып кеткенін айтады. Дегенмен ақ халаттылар іші өтіп, қызуы көтерілген Айзерені құтқарып қалуға мүмкіндік болғанын растап отыр. Өйткені, сөздерінше, алдын-ала сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша «жедел ішек аурулары» деп қойылған диагноз аса қауіпті емес. Сондықтан қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне қатысты тексеріс тағайындалды. Ал жаңа жылдық шыршаға таңдап алған көйлегін ақыры өзі кие алмаған Айзеренің денесі жер қойнына кеше тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары