288
Дамаск маңында әуеден жасалған соққыдан 30 адам қаза тапты
Дамаск маңында әуеден жасалған соққыдан 30 адам қаза тапты
Сирия астанасы Дамаск маңына әуеден жасалған соққы салдарынан 30 адам қаза тапты, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Арнаның хабарлауынша, қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар бар. Бұл туралы Ұлыбританияда орналасқан «Сириядағы адам құқығын қорғау» орталығы хабарлады. Мәліметтерге қарағанда тұрғындардың үстінен төрт бомба тасталған. Соққыдан Оңтүстік Гутадағы Мисраба қаласында 20 адам мерт болды. 40-тан астамы жараланды. Сонымен қатар Оңтүстік Гутаның өзге ауданында да 10 тұрғын тіл тартпай кеткен. Куәгерлер бомба шаһардың әр жеріне түскенін айтады. Әзірге әуе соққысын жасаған ұшақтардың қай елге тиесілі екені белгісіз.
Айта кетейік, 31 желтоқсан күні Сириядағы Хама әуе айлағында Ми-24 тікұшағы құлап, борттағы екі ұшқыш қаза тапқан еді. Апатқа техникалық ақау себеп болған. Ал кеше Ресейдің қорғаныс министрлігі 31 желтоқсан күні Сириядағы Хмеймим әуе базасы минаатқышпен атқыланғанын растады.
Шабуылдан екі әскери қызметкер қаза тапқан. Бұған дейін ақпарат құралдары шабуылдан Ресейге тиесілі 7 ұшақтың күл-талқаны шықты деген хабар таратқан. Алайда ресми Мәскеу бұл қауесетті жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Сириядағы ресейлік ұшақтар кез келген әскери бұйрықты орындауға сақадай сай. Қазір әуе базасын кімнің атқылағаны анықталып жатыр. Қорғау шаралары күшейтілген.