421
Утилизация бағдарламасы бойынша 47 мыңнан астам ескі көлік қабылданды
Утилизация бағдарламасы бойынша 47 мыңнан астам ескі көлік қабылданды
Ескі көліктерді утильдеу бағдарламасы басталғалы қазақстандықтардан 47 мың 111 темір тұлпар қабылданды, – деп хабарлайды Астана арнасы Информбюроға сілтеме жасай отырып.
Энергетика министрлігі мен РОП операторы бағдарламаның қорытындысын жариялады. Толық жинақталған көлік үшін 150 мың, ал жартылай жинақталғандарына 48 мың теңге өтемақы тағайындалған.
Жалпы, көлік иелеріне 5,98 миллиард теңге төленді. Сондай-ақ, жеңілдікті сертификатпен көлік қабылдау акциясы аясында 7239 сертификат берілген. Оның 5239-ы жаңа темір тұлпар сатып алуға пайдаланылған.
Бағдарлама аясында Қазақстанда құрастырылған үш мыңға жуық көлік сатылды. Сертификаттар саны бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр, яғни – 1216 көлік. Екінші орында Қостанай – 971 және Алматы – 867 көлік тапсырған.