Елордада 200-ге жуық кондуктор әкімшілік жазаға тартылды

Елордада 200-ге жуық кондуктор әкімшілік жазаға тартылды

Елордада 200-ге жуық кондуктор әкімшілік жазаға тартылды
ашық дереккөзі
220
Астанада 200-ге жуық кондуктор әкімшілік жазаға тартылып, оларға 2 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Бұл туралы «Астана ЛРТ» компаниясының көліктерді бақылау департаментінің директорына сілтеме жасай отырып Астана арнасы хабарлады. Астана ЛРТ» компаниясының көліктерді бақылау департаментінің директоры Самат Шаймерденовтің айтуынша, мұндай олқылықтар жолаушылар билетін тексеру барысында анықталған. Кондукторлардан өндіріліп алған қаржы мемлекет қазынасына түседі. Қазір «Астана ЛРТ» бақылаушылары жол билеттеріне тексеру шарасын қарқынды жүргізуде. Соңғы екі күн ішінде 5-тен аса заң бұзушылық анықталған. «Қоғамдық көлікте жолаушыны билетпен қамтамасыз етпеген кондукторларға тиісті шаралар қабылданды. 200-ге жуық кондуктор әкімшілік жазаға тартылды. 2 млн теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынды. Оның барлығы мемлекет бюджетіне тапсырылады. Тексерістер алдағы уақытта да жалғасады», –  дейді «Астана ЛРТ» ЖШС департамент директоры Самат Шаймерденов. Жолаушы қоғамдық көлікте жол ақысын төлемеген жағдайда оған 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал жолаушылар билетсіз тасымалданса, айыппұл мөлшері 5 АЕК болады. Сонымен қатар, компания өкілдері хабарлағандай, биыл қоғамдық көліктер толықтай электронды төлем жүйесіне көшіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары