Станимир Стойлов "Астанада" қалды

Станимир Стойлов "Астанада" қалды

Станимир Стойлов "Астанада" қалды
ашық дереккөзі
254
«Астана» футбол клубы мен Станимир Стойлов жаңа еңбек келісімшарты туралы мәмілеге келді, – деп хабарлайды 24.kz арнасы елордалық команданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып. Арнаның хабарлауынша, алдағы жұма күні команда Станимир Стойловтың бастауымен Біріккен Араб Әмірлігіне аттанады. Онда УЕФА Еуропа лигасының 1/16 кезеңі аясында өтетін тарихи кездесуге дайындық жұмыстарын жүргізетін болады. «Мен басынан бастап «Астана» командасымен жұмыс жасауды жалғастырғым келетінін жасырған емеспін. Біз соңғы жылдарда өте үлкен нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлер тарапынан қызу қолдауға ие болдық. Шынын айтсам, Астана мен Қазақстан менің екінші Отаным сияқты болып кетті. Біз «Спортингке» қарсы кездесуде лайықты өнер көрсетіп, клубымыздың абыройын асқақтатамыз деген сенімдемін. Команда құрамындағы ойыншылар тезірек спорттық бабына келіп, маусымға дайын болуы үшін бізді алда өте маңызды оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр», – деді Станимир Стойлов. Айта кетейік, 50 жастағы болгар жаттықтырушысы Астана футбол клубының тізгінін 2014 жылы ұстаған болатын. Командамен алғашқы маусымда-ақ ел чемпионы атанды. Одан бергі аралықта ел футболы тарихында айтулы жетістіктерді бағындырды. Сондай-ақ, осы маусымда тұңғыш қазақстандық команда болып, Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.

Серіктес жаңалықтары