Электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс тапқандар саны артты

Электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс тапқандар саны артты

Электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс тапқандар саны артты
ашық дереккөзі
1070
Электронды еңбек биржасы арқылы 16 мың адам екі қолға бір күрек тапты, – деп хабарлайды 24.kz арнасы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықовтың хабарламасына сілтеме жасай отырып. 3 ай бұрын енгізілген жаңа жүйе жұмысқа орналасуды әлдеқайда жеңілдетті. Электронды еңбек биржасы пилоттық негізде 4 қалада іске қосылған. Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент тұрғындары заман талабына сай бағдарламаны пайдалануға мүмкіндік алды. Өткен 3 айда 22 мың азамат тіркеліп, өздері туралы ақпарат берген. Олардың 16 мыңы жұмыс орнын тауып үлгерді. «Қазіргі таңда жұмыспен қамту орталықтарынан басқа да электронды еңбек биржасы да хиппо.кз, маркет.кз, работа нур.кз, зарплата.кз 4 интернет алаңының бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтерді біз қамтып жатырмыз.  Соған қоса, 27 ден астам жұмыспен қамту агенттіктері бар», – дейді  Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ бөлім меңгерушісі Айдар Айтқұлов. Күн сайын порталға 100 мың адам кіріп отырады. Мұндай қызығушылықтың себебі жоқ емес. Өйткені қысқа мерзім ішінде биржаға 6 мыңнан астам жұмыс беруші тіркелді. Олардың арасында тек мемлекеттік органдар ғана емес, жеке компания да көп. Барлық қызметтер электронды форматта болғандықтан, тараптар арасында байланыс орнату әлдеқайда жеңілдеді.  «Жұмыспен қамту орталықтары HR қызметі форматына көшті. Яғни енді жұмыс берушілер бос орындар туралы хабарламаны электронды түрде қалдыра алады. Құжатта қойылған талапқа сай түйіндемелер оған автоматты түрде жіберіледі. Жүйенің аясында болашақ жұмысшымен кездесудің уақытын да белгілеуге болады»,  – дейді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті  Дәулет Арғандықов. Бұл жүйе Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрлігі сайтының негізінде құрылған. Оған тіркелу үшін электронды пошта мен электронды қолтаңбаның болуы шарт. Ал болашақта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында да бірыңғай электронды еңбек биржасы құрылуы әбден мүмкін.

Серіктес жаңалықтары