Заңгер: Шығарма иесі авторлық құқығын кез келген жерде қорғай алады

Заңгер: Шығарма иесі авторлық құқығын кез келген жерде қорғай алады

Заңгер: Шығарма иесі авторлық құқығын кез келген жерде қорғай алады
ашық дереккөзі
856
Еліміздегі шығармашылық адамдары авторлық құқықтарын толық пайдаланбай жүр, деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, Қазақстанда авторлық құқық туралы заңнын шыққанына 22 жыл болды. Ол заң барлық халықаралық талаптарға жауап береді. Мамандардың пікірінше, біздің елдегі шығармашылық адамдары әлі күнге дейін сол заңды өз мүдделері үшін пайдалана алмай келеді. Өнер саласында өзінің авторлық құқығын қорғап жүргендер саусақпен санарлық. Өйткені олардың көбі өзінің құқығы бұзылғанын білмейді және құқық бұзушы заңға қайшы әрекет жасап жүргенін түсінбейді. Сондықтан да кез келген шығармашылықпен айналысатын тұлға өзін қалай қорғауға болатынын білуі керек немесе кәсіби заңгерлерден кеңес алуы тиіс. Адамның суреттерін немесе музыкалық туындылары мен басқа да меншіктерін қолдану үшін «авторлық құқықты беру туралы шарт» деп аталатын арнайы құжат алуы керек. «Авторлық құқық туралы заң 1996 жылы қабылданған. Өкінішке қарай, ол туралы шығармашылық адамдары әлі күнге  біле бермейді. Кейбіреулер мұны қиын деп те түсінуі мүмкін. Ешқандай қиындығы жоқ халықаралық талаптарға сай жасалынған. Тек ерінбей оқыса болды. Шығарма иесі өзінің авторлық құқығын кез келген жерде қорғай алады», –  дейді заң ғылымдарының кандидаты Темірлан Төлегенов 24.kz арнасына берген жауабында.

Серіктес жаңалықтары