Алматылықтар желтоқсан айында 80,8 млрд теңгеге сауда жасаған

Алматылықтар желтоқсан айында 80,8 млрд теңгеге сауда жасаған

Алматылықтар желтоқсан айында 80,8 млрд теңгеге сауда жасаған
ашық дереккөзі
436
Қазақстандықтар тек желтоқсан айында дүкеннен азық пен зат сатып алуға 195 миллиард теңге жұмсаған,  – деп хабарлайды Астана арнасы Ranking.kz статистикасына сілтеме жасай отырып. Көрсетілген сома 2016 жылы жұмсалған қаражатпен салыстырғанда 24 пайызға артық. Оған, әрине, инфляцияның ықпалы да бар. Қомақты пайда тапқан алматылық саудагерлер. Халық дүкендер мен сауда орындарына 80,8 миллиард теңге жұмсаған. Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 19 миллиард шығындаған. Ал алматылықтарға қарағанда астаналықтар үнемшіл. Олар 17 миллиард теңге жұмсапты. Бөлшек сауда көлемі Маңғыстауда төмен. 2015 жылғы дағдарыстан бөлшек саудамен айналысатын компаниялар 2,5 пайыз минусқа кеткенін ескерсек, қазір жағдай түзеліп қалған. 2016 жылы ритейл, яғни тұрғындарға тікелей зат сататын саудагерлер табысы 2 пайызға, ал өткен жылы 6,3 пайызға өскен. Осылайша 2017 жылдың үш тоқсанында сауда компанияларының түсімі ішкі жалпы өнімнің 15,5 пайызын құраған.  

Серіктес жаңалықтары