Қаржы министрі зейнетақы қорындағы ақшаның күйіп кете жаздағанын мойындады

Қаржы министрі зейнетақы қорындағы ақшаның күйіп кете жаздағанын мойындады

Қаржы министрі  зейнетақы қорындағы ақшаның күйіп кете жаздағанын мойындады
ашық дереккөзі
498
Үкімет Бірыңғай зейнетақы қорына тиесілі қыруар қаржының Әзірбайжан банкінде күйіп кетуге шақ қалғанын мойындады, – деп хабарлайды КТК арнасы. Жұрт мемлекетке сеніп тапсырған 71 миллиардтан астам теңгені шенеуніктер шетелдік банкке салып жіберген еді.  Әзірбайжан сол берешекті қайтара алмай жүр. Мәжілісте Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа  зейнеткерлердің ақшасы үшін  ақталуға тура келді. Қаржы министрі Мәжіліске Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы салық конвенциясына өзгеріс енгізу туралы заң жобасын  алып келген. Депутаттар құжатты мақұлдамас бұрын, Бақыт Сұлтановқа Әзірбайжанмен арадағы  қаржылық қарым-қатынасты түзеп алуға кеңес берді. Владислав Косарев Каспийдің ар жағындағы көрші елге берілген Бірыңғай зейнетақы қорына тиесілі миллиардтарды да министрдің есіне салды. Өйткені, бұл жұрттың ай сайын жалақысынан қиып, қорға салып отырған ақшасы. Қаржы министрі азаматтардың қартайғанда қажет болады деп жиған ақшасының күйіп кете жаздағанын мойындады. Бірақ, Үкімет әлі үмітін үзбепті. Қарызды қайтаруға мүмкіндік бар дейді Сұлтанов. «Негізі, ол ақшаны жоғалтқан жоқпыз. Егер банк, шынында да, банкротқа ұшыраса немесе несие берушілер қарызды төлеуге қарсы шыққанда, бізге қауіп төнуші еді. Қазір 250 млн долларды қайтару мерзімі 15 жылға ұзартылды. Үстемақысы 3,5 пайыз», – дейді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Үкімет Әзербайжан банкіне 71 миллиардтан  астам теңгені 10 жылға  8 пайызбен берген. Былтыр көктемде шетелдік қаржы ұйымы қиындыққа ұшырап, қарызды қайтара алмай жатқаны белгілі болған еді. Соған байланысты біздің шешеуніктер жеңілдік жасауға мәжбүр. Амалсыз қарызды төлеу мерзімін 15 жылға ұзартып, үстемақысын 3 жарым пайызға түсірді. Яғни, еліміз табыстың бір бөлігін жоғалтып отыр. Ал Бірыңғай зейнетақы қорына  қаржы толық  2032 жылы түседі.

Серіктес жаңалықтары