ҰБТ-ның 6 күндегі орташа көрсеткіші - 79,5 балл

ҰБТ-ның 6 күндегі орташа көрсеткіші - 79,5 балл

ҰБТ-ның 6 күндегі орташа көрсеткіші - 79,5 балл
ашық дереккөзі
321

2 қазанда басталған ҰБТ-ның алты күндік есебі жарияланды. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған дерекке сүйенсек, тестілеу кезінде түлектер жинаған орташа балл 79,5-ке тең. «2015 жылғы 2-7 маусым аралығында ҰБТ 165 бекет бойынша өткізілді.Тестілеуге 85 856 өтініш бергендердің ішінен 80 980 (94,3%) түлек қатысты. Орташа балл - 79,5 құрады. 50 баллдық шекті деңгейден 65 947 түлек (81,4 %) өтсе, 100 баллдан жоғары нәтижені 14 133 (17,5 %) түлек алды», – делінген ведомство таратқан ақпаратта. Ең жоғарғы ұпай 125 баллға республика бойынша 5 оқушы қол жеткізді. Олар – Ердосова Гүлназ Жандосқызы (Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі); Мұстафина Риана Еркінқызы (Астана қ. №59 мектеп-лицейі); Самат Сымбат Қуанышқызы (БҚО Теректі ауданың «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі) және Лаура Абдазимова (ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі); Яковлева Анастасия Владимировна (Алматы қ. №90 лицейі). 2014 жылы тестілеудің ең жоғарғы ұпайын 4 оқушы жинаған болатын.

Серіктес жаңалықтары