269
Бейжің халқының 70 пайыздан астамы бір баламен шектеліп отыр
Бейжің халқының 70 пайыздан астамы бір баламен шектеліп отыр
Қытай астанасы Бейжің қаласындағы отбасылардың көбі бір баланы өсірумен ғана шектеледі, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Қытай астанасындағы тұрғындар арасында сауалнама жүргізген әлеуметтік және психологиялық жұмыс жөніндегі комитет осындай қорытындыға келді. 2001 жылы мегаполисте екі бала сүюді қалайтындар 70 пайыздан асса, қазір 58,6 пайызды құрайды.
«Қазір биліктің жаңа саясатына сәйкес Бейжіңдегі әрбір отбасына екі бала өсіруге рұқсат. Алайда сәби сүюдің бұл мүмкіндігін барлық тұрғын пайдалана бермейді. Әлеумет және психология жөніндегі комитет жүргізген зерттеулер Бейжіңдегі тұрғындардың 72,6 пайызы бір баламен шектеліп отырғанын анықтады. Қос нәресте сүйгендердің үлесі 11 пайыздай (10,8 пайыз) ғана», – дейді арна тілшісі Нұрбек Бекен.
Бір отбасыға – бір бала» саясаты 2016 жылы жеңілдетілді. Халықтың басым бөлігі қартайып бара жатқандықтан, билік екінші бала тууға рұқсат берді. ҚХР денсаулық сақтау және бала тууды жоспарлау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша 2017 жылы дүниеге келген сәбилердің 51 пайызы отбасындағы екінші бала болып туды.
Мемлекеттік статистика басқармасының есебі бойынша былтыр 17 (17,23) милионнан астам сәби дүниеге келіді. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 18,5 миллионды құраған. Яғни, бала туу саны азайған. Халық арасында жүргізілген сауалнама қытайлықтардың неліктен екінші баланы тапқысы келмейтіндерін де анықтады. Арна тілшісінің хабарлауынша, отбасының көбі қаражаттың жетіспеуінен, жұмыс бастылықтан және бала күтімінен қорыққандықтан мұндай қадамға барғысы келмейді екен.