Ынтымақтастық – ырыстың басы

Ынтымақтастық – ырыстың басы

Ынтымақтастық – ырыстың басы
ашық дереккөзі
261
Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чон Се Гюннің кездесуі өтті. Кездесуде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың дамып келе жатқанын, сол қарым-қатынасты әрі қарай нығайтуға ниетті екенін айтты. «Қазақстан Корея Республикасымен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі екі миллиард долларға жуықтады. Сіздердің тауарларыңыздың біздің елге Ляньюньган порты арқылы келіп жатқаны қуантады, онда біздің логистикалық терминалымыз бар. Қазақстан Кореямен жаңа жəне цифрлы технология, индустрияландыру, медицина жəне басқа да салаларда ынтымақтастық орнатуға ниетті», – деді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы. Өз сөзінде Мемлекет басшысы екі ел арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарды дамытудың маңызды екенін атап өтті. Ал Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чон Се Гюн Қазақстан Президентіне екі ел арасындағы байланыс мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін кездесу өткізгені үшін ризашылығын білдірді. Чон Се Гюн қазақ елінің бас қаласы – Астананың қарыштап қанат жайып келе жатқанына тоқталды. Одан бөлек елімізде өткен әлемдік шараларға – халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі мен Дүниежүзілік XXVIII қысқы универсиада ойындарына жоғары баға берді. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық бағытта дамып келе жатқанын атап айтқан Ұлттық Ассамблея спикері «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген мақсаттарға жету жолында Корея Қазақстанға серіктес болуға әзір екендігін тілге тиек етті. Өз сөзінде Чон Се Гюн ХХ ғасырдың 30-жылдарында кең байтақ қазақ даласына жер аударылған этностық корейлерге қолдау білдіріп, көмек көрсеткені үшін халқымызға алғыс білдірді.  

Серіктес жаңалықтары