ЕҚЫҰ ӨКIЛДЕРIМЕН КЕЗДЕСТI

ЕҚЫҰ ӨКIЛДЕРIМЕН КЕЗДЕСТI

ЕҚЫҰ ӨКIЛДЕРIМЕН КЕЗДЕСТI
ашық дереккөзі
409

Үстiмiздегi жылдың 15-16 мамыры аралығында Еуропалық қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының Венадағы (Австрия) штаб-пәтерiнде ҚР сыртқы iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары және Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi арнайы өкiлi Рахат Әлиев ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесiнiң өкiлдерiмен кездестi.

Кездесуге Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын дайындау мен жүзеге асыру жөнiндегi Мемлекеттiк комиссия өкiлi, «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов, ҚР Мәжiлiсiндегi «асарлық» депутат Сергей Киселев пен «Интернешнл Фридом Нетуорк» үкiметтiк емес ұйымының жетекшiсi Нұғманов та қатысты.

Қазақстан Президентi Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауындағы «Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi 50 мемлекеттiң тiзiмiне ену туралы стратегиясымен» таныстырған Рахат Әлиев: «Қазақстан 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мақсатына жету жолында тұрақты және үздiксiз жұмыс жасап келедi. Сонымен қатар Қазақстан — еуразиялық кеңiстiкте ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жауапкершiлiгiне ұсыныс бiлдiрген бiрiншi мемлекет» дедi. Үстiмiздегi жылдың 12-13 маусымына жоспарланып отырған Толеранттық мәселелер жөнiндегi халықаралық конференцияға қатысуға шақырған ұазақстандық арнайы өкiл шетелдiк дипломаттар сауалдарына жауап бердi.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары