АЛМАТЫДАҒЫ АТЖАРЫС

АЛМАТЫДАҒЫ АТЖАРЫС

АЛМАТЫДАҒЫ АТЖАРЫС
ашық дереккөзі
224

Аттың құлағында ойнаған атам қазақтың бүгiнгi ұрпағы ат спортынан халықаралық дәрежеде бақ сынаспақ. Әлемнiң бiрнеше елiнен жиналған атбегiлер мен жылқы десе, «iшкен асын жерге қоятындар» Алматыда бас қосты.

Бүгiн Алматыда ат спортынан Азия чемпионаты мен Қазақстан Президентi және Әлем кубогы үшiн халықаралық сайыс басталды. ҚР Қорғаныс министрлiгi Спорт комитетiнiң төрағасы Павел Новиковтың айтуынша, жарысқа Қазақстанмен бiрге Әзiрбайжан, Қырғызстан, Армения, Грузия, Үндiстан, Қатар, Қытай, Корея, Иран, Ресей мен АҚШ сияқты басқа да елдердiң ұлттық құрамалары қатысқалы отыр. ҚР Ат спорты федерациясының президентi Сергей Буйкевич: «Қазақтар өздерi жаттығып жүрген аттармен қатысса, өзге елдердiң құрамалары жеребе бойынша тиетiн аттармен бас сынасады. Демек, қазақтардың сайыста жеңiске қол жеткiзуiне мүмкiндiк мол дейдi». Оның айтуына қарағанда, Қазақстан құрамасы үшiн басты қарсыластар — Корея, Үндiстан мен Ресейдiң спортшылары. Әлемдiк стандарттарға сәйкес өткiзiлетiн ат жарыстары олимпиада ойындарының деңгейiне жетуге септiгiн тигiзбек. Әр бағдарламаның сыйақы қоры 12 мың АҚШ долларына тең. Ұйымдастырушылар сайыстарды өткiзуге республикалық бюджеттен ешқандай қаржы бөлiнбегенiн, негiзiнен отандық демеушiлердiң қаржылай қолдау көрсеткенiн айтады.

Елiгай МҰҚАЕВА

Серіктес жаңалықтары