АЛМАТЫДА ТАҒЫ БIР ШIРКЕУ...

АЛМАТЫДА ТАҒЫ БIР ШIРКЕУ...

АЛМАТЫДА ТАҒЫ БIР ШIРКЕУ...
ашық дереккөзі
486

Жақында Қазақстан халықтары Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы «Наири» армян мәдени орталығы қауымдастығының ұйымдастыруымен «Дiн, мәдениет, төзiмдiлiк және жалпы адамзаттық фактор» атты конференция болды. Онда сөз болған басты мәселе бейбiтшiлiктi сақтаған Қазақстанда тұратын 130-дан (негiзi 11-ге жуық)астам ұлт пен ұлыс өкiлдерiнiң бiр-бiрiмен тату-тәттi өмiр сүруi мен дiнге деген төзiмдiлiгi жайлы. Бiзде соңғы кезде көпдiндiлiк пен кө ұлттылық саясаты белең алуда. Қайсыбiр ұлт өкiлiнiң пiкiрiне құлақ ассаңыз, көпұлттылық саясаттың Қазақстанға берер пайдасының ұшан-теңiз екендiгiн жыр ғып айта жөнеледi. Бiрақ, бәрi керiсiнше. Өзiмiз iздемей-ақ тауып алған осы саясаттың салдары қазақ тiлiнiң қолдану аясының тарылуына әкелiп жатқан жоқ па?! Мiне, ҚР «Наири» армян мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы А.М.Карапетян бастаған бұл жиын басталғаннан-ақ тек қана дiнге қатысты мәселемен шектелдi. Әрине, христиан дiнiнiң тармақтарын ұстанған бұл халықты елiмiздегi мемлекеттiк тiл мәселесi онша алаңдата қоймасы анық. Себебi, жиынға келуi тиiс, бiрақ белгiлi себептермен қатыса алмаған Қазақстан халықтары Ассамблеясының төраға орынбасары С.Терещенконың саясаты бойынша орыс тiлiнiң қамын жеп жүрген бұл ұйымдар мен қауымдастықтар дiндi – дiңгек ретiнде санап, мектеп бағдарламасына әлемдiк дiндер тарихынан арнайы пән енгiзiлуi керек дегендi айтады. Өз елiмiзде Ислам дiнi тұрмақ, басқа дiн мен секталарға басын сұғып алған қазақ жастары үшiн бөгде елдiң дiни қағидалары мен тұжырымдары күнi бүгiн таңсық та емес. Сондықтан кез келген сектаға кiрiп алып, дүбәра күйдi кешiп жүрген жастарға әлемдiк демей-ақ, барша мұсылман халқына ортақ Ислам дiнiнiң тарихын оқытсақ та жақсы. Сол сияқты басқосуға жиналған армян халқының өкiлдерi дiн төңiрегiнде, оның iшiнде иудаизм, католицизм, дiни бiрлестiктер мен оның мәселелерi жөнiнде өзара баяндама жасап, бiр-бiрiнiң пiкiрiне ортақ түсiнiстiкпен қарағандай болды. Бiздiң түйгенiмiз – бұл iшiнара өткен кеңестiң мақсаты да осы. Демек, олар Қазақстанда өмiр сүрiп қана қоймай, өз дiндерiн насихаттау, уағыздауды игi дәстүрге айналдырды. Бұған дәлел ретiнде осы басқосудан соң Алматы қаласында тағы бiр шiркеу тұсаукесерiнiң ашылу салтанаты өткенiн айтуға болады.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары