«ҚАЗАҚМЫС» ӘЛЕУМЕТТIК САЛАҒА БЕТ БҰРУДА
«ҚАЗАҚМЫС» ӘЛЕУМЕТТIК САЛАҒА БЕТ БҰРУДА
«Қазақмыс» корпорациясы үшiн ең басты нәрсе, еңбеккерлердiң әлеуметтiк тұрмысының жақсы болуы. Бұған мысал iздесеңiз өте көп. Мәселен, корпорация қызметкерлерi үшiн арнайы демалыс орындары жұмыс iстейдi. Атап айтар болсақ, «Лесной» санаторийiне жолақыны қосып есептегеннiң өзiнде 115 мың теңге қажет екен. Ал, корпорация жұмыскерлерi бұған бар-жоғы 16500 теңге ғана төлейдi. Балаларға жеңiлдiк тiптен де төмен. Қырымға демалу 125 мың теңге болса, еңбеккерлер бар-жоғы 15 мың теңгемен демалып қайтуына жағдай жасалынған. Стоматологиялық орталықтардың құны 150 мың теңгеге дейiн барады, ал корпорацияның қызметкерлерi тегiн емделедi. Қазiргi заманға сай технологиялармен жабдықталған медициналық орталықтардың өзiнде тегiн емделуге жағдай туғызылған. Корпорация есебiнен биылғы жылы 10 мыңға жуық адам емделiп шықты. Кез келген уақытта ата-аналар балаларын демалыс орындарына жiбере алады.
Корпорацияда балаларға арналған 8 сауықтыру кешенi, 5 медициналық мекеме, 4 санаторий, 7 спорт сарайлары және стадиондар (оның бiреуi олимпиалық деңгейде жасалынған) 3 жүзу бассейндерi, 36 бала бақшалар, 10-ға жуық мәдениет сарайлары, 2 мешiт, 2 православтық храмдар жұмыс iстейдi. Барлығын қосқанда корпорацияда 150-ге жуық әлеуметтiк тұрғыда қызмет жасайтын орындар бар екен. Әрбiр жаңа құрылым үшiн соңғы жылдары 200 миллион АҚШ долларына жуық қаржы жұмсалыпты.
Жыл сайын корпорация әлеуметтiк саланы қаржыландыруды ұлғайтып отырады. 2005 жылды осы салаға 29,7 мииллон АҚШ доллары бөлiнсе, 2006 жылдың 9 айында 36 миллион доллар көлемiнде қаржы жұмсалыпты. Оның iшiнде 17 миллион долларға жуық инвестиция тартылыпты. Демек, бiр жылдың көлемiнде әлеуметтiк салаға 62 миллионға жуық қаржы бөлiнедi екен.
Сондай-ақ, корпорация еңбеккерлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету жағын да мықтап қолға алған. Жыл сайын корпорация қызметкерлерi үшiн тұрғын үйлердi жалға алу жағын да қарастырып отырады. Бұл пәтерлердi ұстап тұру үшiн 2006 жылдың алғашқы жартысында 50 миллион теңгеге жуық қаржы бөлiнiптi.
Сонымен қатар, корпорацияға тиесiлi Жезқазған, Сәтпаев және Балхаш қалаларындағы тұрғын үйлердiң коммунальдық төлемi өзге қалалармен салыстырғанда арзандау екенiн ескеруiмiз керек. Жезқазғанда жылытудың гигакалориясы 910 теңге болса, Қарағандыда–1646, ал Астанада 1573 теңге. Электр жарығы үшiн Жезқазған жұртшылығы 3,82 теңге төлесе, астаналықтар – 4,32 теңге төлейдi.
2006 жылдың шiлде айы мен қыркүйек айларының аралығында корпорация жұмысшылардың жалақысын жоғарылатты. Шiлде айының айлық қоры 92 миллион теңгеге дейiн өссе, ал, қыркүйек айында 209 миллион теңгеге дейiн жоғарылаған. Осының арқасында соңғы екi жылдың көлемiнде жалпы қор 42 пайызға дейiн өсiптi.
Егер 2005 жылы корпорацияның орташа жалақысы 31068 теңгенi құраса, соңғы тоғыз айдың көлемiнде 37170 теңгенi құрап отыр. Қордың бекiтуi бойынша, 2006 жылы корпорацияның орташа жалақысы 40900 теңгенi құрайды деген сөз.
Қазiр кеншiлер жерасты жұмыстарында 200 мың теңгеге дейiн қаржы табады, қызметкерлер 93 мыңға дейiн пайда табады. Бүгiнде проходчиктердiң орташа жалақысы 176 мың теңгенi құраса, үңгiлеушiлер мен жүргiзушiлердiң айлығы – 149, жарушылар –119 мың, металлургтер – 51-65 мың аралығында (бұрын 30-46 мың теңге болған), обогатительдер – 41-46 мың (бұрын 27-33 мың теңге) теңгенiң көлемiнде айлық алады.
Корпорация жыл сайын қалалық жол жұмыстары мен полиция қызметкерлерiне материалдық тұрғыда көмек көрсету үшiн миллионға жуық қаржы бөлiп отырады.
Сондай-ақ, корпорацияға қатысты мекемелердiң бәрiнде тұрақты түрде жұмысшылардың жиналысы өтiп отырады. Ол жиналыстарда еңбеккерлер әртүрлi көзқарастарын, кейбiр кемшiлiктердi, ұсыныс-пiкiрлердi ортаға салады. Осындай жиналыстардың арқасында корпорация басшылығы әлеуметтiк сала үшiн қосымша жұмыстарды атқаруға атсалысады.
Қазақстандағы кейбiр компаниялар жұмысшылардың жалақысын тек қауiптi трагедиялардан соң немесе ереуiлдерден соң, тiптi болмаса, Елбасының арнайы тапсырмасынан кейiн ғана қолға алады, ал «Қазақмыс» корпорациясы өз еркiмен жоспар бойынша жүзеге асыруға тырысады. Соңғы жылы жалақыны жоғарылату екi жүйемен жолға қойылған: оның бiрi – 2005 жылдың қарашасынан бастап 40 пайызға дейiн болса, осы жылдың шiлде-қыркүйек айларында дәл осындай пайызбен жүзеге асуда.
Осымен еңбек жалақысын қарастыру процесi аяқталған жоқ. Қазiр барлық мекемелердiң келешектегi айлық жалақылары қандай мөлшерде болмақ, осы негiзде арнайы тексерулер жүргiзiлуде. Бұл мәселелер еңбеккерлердiң жиналыстарында көтерiлiп, сөз болуда.
Жалақысына көңiлi толмай жұмыстан кеткен жұмыскерлердiң де мәселелерi қаралуда.
Корпорация қызметкерлерiнiң жалақыларының өсуi де Жезқазған, Сәтпаев және Балхаш қалаларындағы тауар бағасының өсiмiмен де тiкелей байланысты.
Гүлзина Бектасова