«САМҰРЫҚТЫҢ» ҚАНАТТАРЫ ШЕТЕЛДIКТIҢ БАҚЫЛАУЫНА КӨШТI

«САМҰРЫҚТЫҢ» ҚАНАТТАРЫ ШЕТЕЛДIКТIҢ БАҚЫЛАУЫНА КӨШТI

«САМҰРЫҚТЫҢ» ҚАНАТТАРЫ ШЕТЕЛДIКТIҢ БАҚЫЛАУЫНА КӨШТI
ашық дереккөзі
266

Елдегi iрi-iрi компанияларды өз қарауына қаратқан «Самұрық» холдингiнiң бұдан былайғы дамуы ендi бөтен елдiң азаматына тiкелей байланысты. Премьер Ахметовтың бiр мезеттiк қалам сүйкеуiмен, ағылшынның «БиЭй системс» компаниясын басқаратын Ричард Эдванс қазақстандық холдингтiң Директорлар Кеңесiнiң төрағасы болып бекiтiлдi. Ағылшын королдiгiнiң азаматын вице-премьер Кәрiм Мәсiмов холдингпен жақынырақ таныстыру үшiн жетелеп апарды.

«Самұрыққа» шетелдiктi басшы етiп әкелу әңгiмесi оның құрылғанынан бастап-ақ қозғалған едi. Бес ұлттық компанияның активiн басқаратын компанияның Қазақстан үшiн маңызы аса зор. Стратегиялық кешендерiне қандай да бiр дамыған ел өзге елдiң азаматтарын жiбермейтiнiн ескерсек, Ричард Эдванстың «Самұрыққа» келуi қисынсыз болып көрiнедi. Оның Қазақстанға өз қалауымен келмегенi де белгiлi. Яғни, Эдвансты келтiру аса қисынды емес сияқты. «Самұрықтың» атқаратын функциясы қазiр министрлiктерден артық болмаса, кем емес. Ал оны басқарушы адам министрмен тең дәрежеде. Яғни, бұл көрiнiс Қазақстанның министрлiгiн өзге елдiң азаматына басқарту секiлдi көрiнедi. Әрi бұл холдингтiң Директорлар Кеңесiне басшылық жасайтын менеджерлер класы Қазақстанда кәдiмгiдей қалыптасып қалғанын ескерсек, тұманды Альбионнан Эдвансты атап арнап, алып келгенiн аса түсiне алмадық.

Бiрақ, болар iс болды, бояуы сiңдi. Эдванстың бұған дейiн әуедегi компаниялар iсiне маманданғанын ескерсек, «Самұрықтың» қанаттарын талдырмайтынына сенгiмiз келедi.

Гүлнәр Мұқанова

Серіктес жаңалықтары