ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ МӘЛIМДЕМЕСI

ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ МӘЛIМДЕМЕСI

ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ МӘЛIМДЕМЕСI
ашық дереккөзі
285

Таяуда Е. Досмұхамедов бастаған отандық бiр топ кәсiпкер «Хабар», «31-телеарналары» арқылы өздерiнiң «Атамекен» атты оңшыл – орталықшыл жаңа саяси партия құрғандықтарын жария еттi. Мәселе жаңа партияның өмiрге келгендiгiнде емес, бар гәп олардың «Мемлекеттiк тiл үш тiлде – қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiнде болсын» деген партиялық бағдарламаларында болып отыр. Оның үстiне бiз жаңа ұйымға Ресейдiң «Оңшыл күштер одағының» ықпалы бар ма деп қалдық. Өйткенi орыстардың дәл осы саяси ұйымы «Атамекенге» ұстаздық етiп отыр.

Күнi кеше ғана республика Президентi Н.Назарбаев Қазақстан халықтары ассамблеясының ХII-сессиясында сөйлеген сөзiнде «Мемлекеттiк тiл — бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секiлдi дәл сондай нышан» деп қазақ тiлiнiң қолданыс аясын кеңейту туралы нақты тапсырма берген тұста орыс, ағылшын тiлдерiне де мемлекеттiк тiл мәртебесiн беруге құлшыныс бiлдiрген жаңа саяси партия құрушылардың бой көрсете қалуы бiздi қатты алаңдатады. Бәрiнен бұрын олардың өздерiн билiктiң қолдайтындығына бек сенiмдi екендiктерi көңiлге күдiктi күмән ұялатады. Жаңа партия жасақшыларының Президенттiң сөзiне, Конституциямызға қайшы келетiн әрекеттерге барып, партияның негiзгi ұстанымы «үш тiлдi мемлекеттiк тiл жасау» деп ашық мәлiмдеме жасаулары ол партияның болашақта мемлекетiмiз мүддесiне қызмет етпейтiндiгiн әлден-ақ аңғартып тұр. Жалпы оларға Конституциямызға қайшы келетiн мұндай құқықты кiм берген? Әлде бұл билiктiң өзi алдын-ала ойластырған жымысқы саясат па?

Бiз осы тұрғыда Парламент мiнберiнен мәселе көтерген М.Шахановтың мәлiмдемесiн қолдаймыз.

«Мемлекеттiк тiл» қоғамдық қозғалысы

«Ұлт тағдыры» қозғалысы

«Халық дабылы» қозғалысы

Серіктес жаңалықтары