ҚАЗАҚ ТIЛI ПӘНIНЕ ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТI

ҚАЗАҚ ТIЛI ПӘНIНЕ ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТI

ҚАЗАҚ ТIЛI ПӘНIНЕ ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТI
ашық дереккөзі
243

Таяуда Алматы қалалық дарынды балаларға арналған қазақ-түрiк лицейiнде арнайы семинар өттi. Оқу-әдiстемелiк семинар «Әдiстеме – мұғалiмнiң тiрегi, мұғалiм – мектептiң жүрегi» деп аталыпты. Онда орыстiлдi мектептерiндегi қазақ тiлi пәнiн оқыту мәселелерi сөз болды.

Семинар аясында «Мемлекеттiк тiлге басым қолдау» атты тiл көрмесi де ұйымдастырылған. Сондай-ақ, онда тiлге қатысты келелi мәселелер сөз болды. Мәселен, жиында «Өзге тiлдi топтарға арналған қазақ тiлi оқулықтары», «Орыс тобындағы қазақ тiлiнiң оқытылу ерекшелiктерi», «Орыс тобындағы мұғалiм құзiреттiлiгi» т.б. тақырыпта баяндамалар оқылды.

Бiр айта кетерлiгi, Түркияның KATEV халықаралық қоғамдық қорының бастамасымен мемлекеттiк тiлдi оқыту мен қолдау жөнiнде бiрқатар игi шаралар атқарылып үлгерiптi. Атап айтсақ, аталған қор қазақ тiлiн оқытуға қатысты арнайы әдiстемелiк оқулықтар шығарған. Қазақ-түрiк лицейлерiнiң қазақ тiлi бойынша бас маманы Қанат Ибрагимовтiң айтуынша, атқарылып жатқан оңды iстердiң бәрi де балаларға мемлекеттiк тiлдi үйретудi көздеп отыр екен. Бүгiнде қазақ-түрiк лицейлерiне көбiне орыс мектептерiнде оқыған балалар түседi екен. Бұл орайда аталған лицей оқушыларды мемлекеттiк тiлге баулуды парыз деп бiлсе жөн.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары