ТIЛ МӘСЕЛЕСI ШЕШIЛМЕЙ, МЕМЛЕКЕТ ТYЗЕЛМЕЙДI

ТIЛ МӘСЕЛЕСI ШЕШIЛМЕЙ, МЕМЛЕКЕТ ТYЗЕЛМЕЙДI

ТIЛ МӘСЕЛЕСI ШЕШIЛМЕЙ, МЕМЛЕКЕТ ТYЗЕЛМЕЙДI
ашық дереккөзі
249

Ана тiлiн жетiк бiлмей тұрып, қазақша сөйлеуге намыстанатын адамдар да бар, сiрә. Ең сорақысы – мемлекеттiк тiлдi дамытуға атсалысқысы келмейтiн азаматтардың кейбiрi «зиялы» деп те аталып жүр. Өмiрдiң осындай келеңсiз тұстарын көргенде, жаның күйзеледi.

Мұндай пенделердiң көбiнiң астында – орынтақ, қолында – билiк, ой-санасында – байи түсу… Өткенде ұлттық компания басшыларының жүз мыңдаған доллар жалақы алатынын есiтiп, жағамызды ұстадық. 100 мың доллар алатын пошта бастығының қол астындағы қызметкерлерi ауыр қапшық көтерiп, жаяу жүрiп, хат таратып, 8-10 мың теңге жалақы алады. Үй аралап жүргендердiң көбiсi – көп балалы аналар. Олар маңдай терiн сылып тастап, қызметiн аянышты қалде адал атқаруда.

Тағы бiр мәселе – жастардың шет елде оқуға құштарлығы. Олардың көбiсiнiң шет елге табаны тиген бойда елге қайту туралы ойы ғайып болады. Шетелге оңай жетiп алған еркетайлар жергiлiктi елдiң салт-дәстүрiне сiңiсiп, өзге ұлтттың нәсiлiне, тiлiне, дiнiне қарамай, шетелде шаңырақ құрып, ұлтымыздың ар-намысына нұқсан келтiредi. Шетелге бала сату да үрдiске айналды.

«Болашақ» деген сөз қандай киелi, қандай маңызды десеңiзшi?! Бiрақ осынау сөздiң өзiне де уақыт ағымымен кiрбiң түсiп жатқандай. «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқуға қабылданатын жастардың бұдан былай қазақ тiлiнен емтихан тапсыратын болады дегендi естiгенде, төбемiз көкке жете жаздады. Бiрақ бұл қуаныш көпке созылмады. Себебi ана тiлiн бiлу шетелге барып оқитындарға қажетi жоқ деп шешiлiптi. Осы шешiмдi қабылдаудың басы-аяғында отырған ана тiлiн жетiк бiлмейтiн шендi-шекпендiлер, министрлер емес пе? Бiр қызығы, шетелдiң бiлiмiмен сусындаған «зиялылардың» тобы қаржы қауымының, соның iшiнде Ұлттық банктiң айналасында шоғырлана қалған екен. Жаңа дизайындағы теңгедегi «К» әрпiн «Қ» әрпiнен айыра алмаған мырзалар солар… «Естiмеген елде көп» – деген осы болар… Мемлекеттiк рәмiздердiң бiрi – төл теңгемiздiң айналымға қате жазумен шығуы ұят қой. Мұның бәрi мемлекеттiк тiлге деген құрметтiң жоқтығын аңғартпай ма?

Ал, ана тiлiнде сөйлеуi тиiс әйел министрлердiң неге мемлекеттiк тiлге жаны ашымайды? Парламент пен Үкiметте қазақ әйелдерi баршылық. Бiрақ депутат ханым – Зәуре, министр ханым – Бiрғанымдардың сырт келбеттерi келiскен болса да, тiлге келгенде басқаша… Олар тек қана белгiлi тұлғалар емес, өз отбасыларының аналары ғой… Ана бола тұрып, ана тiлдерiне жаны ашымағандары қалай?! Осындайда «Жақсы деген адамың – жаман болса, таңқалма» – деген өлең жолдары ерiксiз ойға оралады…Ана тiлiне қарсы болған аналардан без деп жағамды ұстадым…

Тұйғын ЖАТҚАНБАЙҚЫЗЫ

әл-ТАРАЗИ, «Мемлекекттiк тiлге құрмет» бiрлестiгiнiң қызметкерi

Серіктес жаңалықтары