«ДIН ЖӘНЕ ҰЛТ» – МҰРТАЗА БҰЛҰТАЙДЫҢ ТАҒЫ БIР ТЫРНАҚАЛДЫ ДҮНИЕСI

«ДIН ЖӘНЕ ҰЛТ» – МҰРТАЗА БҰЛҰТАЙДЫҢ ТАҒЫ БIР ТЫРНАҚАЛДЫ ДҮНИЕСI

«ДIН ЖӘНЕ ҰЛТ» – МҰРТАЗА БҰЛҰТАЙДЫҢ ТАҒЫ БIР ТЫРНАҚАЛДЫ ДҮНИЕСI
ашық дереккөзі
553

Таяуда белгiлi ғалым, қоғам қайраткерi Мұртаза Бұлұтайдың «Дiн және ұлт» атты кiтабiнiң тұсаукесер рәсiмi болып өттi. Бұл кiтап Қазақстан тәуелсiздiгiнiң 15 жылдығына орай шығарылып отыр. Онда танымал дiнтанушының отандық басылымдар мен электронды ақпарат құралдарына берген өзектi мәселелерге қатысты сұхбаттары, мақалалары мен пiкiрлерi жинақталып, оқырман назарына ұсынылған.

Кiтаптың тұсаукесерi рәсiмiне халық көп жиналды. Зиялы қауым өкiлдерi мен қалалық әкiмшiлiк қызметкерлерiн, дiн мамандары мен студент жастарды мұнда авторға деген құрмет пен оның дiни кiтаптарына деген жылы ықылас жетелеп әкелсе керек. Тұсаукесер рәсiмi Құран оқудан басталды. Өз кезегiнде Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербiсәлi жиналған қауымға бата берiп, Алла Тағаланың елiмiзге тыныштық пен амандық беруiн тiледi.

Бас мүфти де автордың еңбектерiн жоғары бағалап отыр. Өз сөзiнде ол: «Мен Мұртаза iнiмiздi 90-шы жылдардан берi бiлем. Ол осыдан бiрнеше жыл бұрын түркiлердiң неге ислам дiнiн қабылдағаны туралы жақсы кiтап шығарған. Оның қолына қалам алған өзге де дiнтанушылардан ерекшелiгi – тек араб тiлiн ғана емес, бiрнеше батыс тiлдерiн де меңгергенi» – деп, қадап айтты. Ал, генерал Мұрат Қалматаев: «Бұл кiтапты бiр емес, бес автор жазды. Олар – дiнтанушы Мұртаза, мұғалiм-педагог Мұртаза, саясаткер Мұртаза, қоғам қайраткерi Мұртаза және ғалым Мұртаза. Осы бес Мұртазаның бiрiгiп, кiтап шығарғанына ризамын» – дедi. Айтулы шарада сөз алған Тұрсынбек Кәкiшев те автордың еңбегiне жоғары баға берiп, оның дiни кiтаптарының тұрақты оқырманы болып жүргенiн тiлге тиек еттi.

Мұртаза Бұлұтайдың қуанышына ортақтасу үшiн Түркияның Анкара қаласынан оның ата-аналары да арнайы келiптi. Автордың қарт әке-шешелерi ерекше тебiренiп отырғандай едi. Бұның да өзiндiк себебi болса керек. Бүгiнде Мұртаза Бұлұтай – әке баласынан гөрi ел баласына айналған белгiлi азамат. Бәлкiм, қариялар осыған iштей шүкiршiлiк бiлдiрiп отырса керек.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары