СТУДЕНТТЕР ШАҢЫРАҒЫ
СТУДЕНТТЕР ШАҢЫРАҒЫ
2006 жылдың 29 қарашасында Алматы қаласында студент қауымына жаңа жатақхана салу мәселесіне байланысты алғаш Республикалық қоғамдық тыңдау болып өтті. «Болашақ» РҚ ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының арасындағы студенттік комиссия құрылған болатын. Бұл комиссияның негізгі мақсаты Алматы қаласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ЖОО жатақханаларында тұратын студенттердің тұрмыстық жағдайларын қоғамдық бақылауға алу болып табылады. Комиссияның тексеру барысында (үстіміздегі жылдың 27 қазаннан 22 қараша аралығында) студенттердің орналасуына, сонымен қатар өмір сүру жағдайларының өрескел бұзылуларын анықтады.
Қоғамдық тыңдау барлық қызығушы тараптардың диалогы ретінде өтті. Алғашқы Республикалық қоғамдық тыңдауына мәжілісінің депутатары, Алматы қаласының ЖОО орындарының ректорлары, студенттік ұйымдардың төрағалары, «Болашақ» РҚ комиссиясының мүшелері, ЖОО студенттерінің ата-аналары, Алматы қалалық Қауіпсіздік комитеті қатысты.
Өзекті проблемалардың бірі болып саналатын, студенттерге жатақхананың жетіспеуіне байланысты жаңа жатақхана салу мәселесін алға қойылған болатын. Алғашқы қоғамдық тыңдау бүгінгі студент қауымының өмірінен шағын телефильмді көрсетуден бастады. Шақырылған қонақтар мен студенттер арасында қызу әңгімелер жүрді. Мемлекеттік ЖОО ректорлардың орынбасарлары келген болатын. Алайда олар жатақханалардан кездескен олқылықтарды жасырып жабуға тырысты. Бірақ, бұл олқылықтардың шын екенін жастар дәлелдеді десек те болады. Осы мәселеге байланысты «Болашақ» РҚ төрағасының орынбасары Дәурен Бабамуратов «Егер осы фактілерді жалған десеңіздер бізде түсірілген нақты дәлелдер бар»-деп айтып өтті.
Студенттер өзекті мәселелерді алға қойды. «Біздің болашағымыз студент қауымы деп айтасыздар. Ендеше сол студенттердің жағдайын бүгін жасау керек емес пе?» -деп студенттер айтып кетті. Жастар тек ректорлардың орынбасарларына ғана емес, мәжіліс депутатырына сұрақтар қойды. Жоғарғы жақтағы басшыларға біздің жатақхана жайлы проблемаларымызды жеткізулеріңізді сұраймыз-деп басты мәселені айтты. Студенттердің өзекті өртеген сұрақтарды қоя білді. Өз ойларын қынжылмай, тартынбай жеткізе білді. Алғашқы қоғамдық тыңдауға мәжіліс депутаттары да қатысқан болатын. Мәжіліс депутаты Тұрарбек Асанов «Мен мына студенттердің жатақханасына байланысты телефильмді көргенде жаным түршігіп кетті. Мен 1960 жылдары студент болғанда біздің жағдайымыз әлде қайда жақсы болғанына қазір көзіміз жетіп отыр. Тіпті студенттердің сабақ оқуға жағдайлары жасалмаған. Бұл мәселені жоғарғы жақта міндетті түрде көтереміз. Егер біз өз еліміздің жастарының жағдайын жасамасақ, біз бұлардан қандай маман иелерін күтуімізге болады» -деп айтып кетті.
Мәжіліс депутаты Күләш Ағатаева «Мектептер мен балабақшалар арнайы сейсмологиялық жөндеуден өткізу жайында ұсыныстар болды. Ал жоғарғы оқу орындарына байланысты ұсыныстар бірде бір рет келген емес. Сейсмологиялық жөндеумен бірге күрделі жөндеу жүргізу мәселеден шығудың бір жолы екені барлығымызға белгілі. Ендеше осы уақытқа дейін бұл мәселені көтермегендеріңізге таңым бар» — деп айтып өтті.
Қоғамдық тыңдаудың жалпы қорытындысы: алдағы уақытта мемлекетіміздің басқа үлкен қалаларында ЖОО жатақханаларын тексеруін жалғастыратын боламыз. Біз бұл мәселені бұлай қалдыра алмаймыз. Бұған мәжіліс депутаттары да қол қусырып отырмай ат салысатындарын айтты. Әрине бұл мәселеге студент қауымының шет қалып қалмай өз үлестерін қосу керектігі айтылды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ІІІ курс студенті.