СЕРIКТЕСТЕР

СЕРIКТЕСТЕР

СЕРIКТЕСТЕР
ашық дереккөзі
428

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ЯДРОЛЫҚ ОТЫНДЫ БIРIГIП ӨНДIРМЕК

Қазақстан Президентiн ресейлiктер қашан да оң қабақпен қарсы алады. Бұл жолы да солай болды. Өйткенi, өзге көршiлерiмен салыстырғанда, Ресей мен Қазақстанның өзара қарым-қатынасы жолға қойылған, бiрiмен бiрiнiң алыс-берiсi көп. Қазақстан мен Ресей мемлекет басшыларының жиi кездесетiнi де осының айғағы болар.

Екi ел бұған дейiн Каспий теңiзiнiң қайраңын игеру мен Байқоңыр ғарыш айлағын бiрiгiп пайдалану жөнiндегi ұзаққа жоспарланған бағдарламалар аясында жұмыс iстеп келген едi. Тек былтыр ғана 43 млн.тонна қазақ мұнайы әлемдiк рынокке Ресей аумағы арқылы тасымалданған. Елбасының айтуынша, Ресей мен Қазақстан бәсекелес емес, серiктестiк дәрежеде жұмыс iстейдi. Серiктестер ендi атом өнеркәсiбiн бiрiгiп пайдаланбақ. Президент Назарбаев: «Бiз Ресеймен Қазақстан уран кенiштерiн бiрiгiп игерiп, ядролық отын өндiрiп бастаймыз» дедi. Ядролық отынды байыту мәселесiне бүгiнгi күнi бүкiл әлем елдерiнiң көз тiгiп отырғаны белгiлi. Көршiмiз ядролық держава деген атқа бұрыннан ие болғанымен, сол ядролық отын өндiретiн қор көзi Ресейде шектеулi. Ал Қазақстан уран қоры жөнiнен бүгiнде дүниежүзi бойынша екiншi орында тұр.

Елбасы Ресей Президентiн жазда Қазақстанға ресми сапар жасауға шақырды.

Ресейге жасаған ресми сапары аясында Елбасы Мәскеудегi қазақ инвестициясына салынған объектiлердi аралап шықты. Дәлiрегiнде, Мәскеу мэрi Юрий Лужков Елбасына «қазақ инвестициясының «жемiсi» «The Ritz-Carlton Moscow» қонақүйiн көрсеттi. Мәскеудiң қақ ортасында салынған қонақүй 334 бөлмеден тұрады. Әлемдiк стандарттарға сай салынған. Лужков: «Мәскеуге жыл сайын 25 млрд.АҚШ долларына сай инвестиция келетiнiн ескерсек, бiздiң астанамыздағы қазақ инвестициясының көлемi де қомақты болып қалды. Ашып айтсақ, 2 млрд. АҚШ долларына жетiп қалды» дейдi.

Елбасының Ресейге жасаған сапары Қазақстанмен қатар Ресейдiң де мүддесiне толық жауап бередi деп топшылауға болады.

Гүлнәр Мұқанова

Серіктес жаңалықтары