«ҚАЗАҚСТАН-2010» — ЕВАНГЕЛИСТЕР ЖОСПАРЫ

«ҚАЗАҚСТАН-2010» — ЕВАНГЕЛИСТЕР ЖОСПАРЫ

«ҚАЗАҚСТАН-2010» — ЕВАНГЕЛИСТЕР ЖОСПАРЫ
ашық дереккөзі
303

Ресейлiк NewsProm.ru, «Звезда» басылымдарына сенсек, осыдан бiрнеше жыл бұрын евангелистiк миссионер Дэвид Хасавейдiң дiни уағызы Тюмень қаласында үлкен дау-дамай туғызыпты. Орыс тiлшiлерi жатжерлiк миссионер туралы журналистiк зерттеулер жүргiзсе, бiрқатар қоғамдық және православиелiк ұйымдар бас көтерiп, Хасавейдi елге келтiрмеуге тырысты. Дәл осы оқиғадан кейiн евангелистiк «Свет миру» шiркеуiне Ресейдiң Әдiлет министрлiгiнiң облыстық басқармасы мен Салық комитетiнiң көзi түсiп, тексерiстер басталды. Ресейде абыройы айрандай төгiлген миссионер таяуда Қазақстанға ат басын тiредi. Ресейдегiдей жатжерлiк миссионердiң әрекеттерiне жергiлiктi мұсылман және православие өкiлдерi қарсылық танытып жатпаған соң, Дэвид Хасавей бiрнеше күн дiни уағыз жүргiзiп, тiптi 18 наурыз жексенбi күнi «31 телеарнадан» үлкен дiни-шоу бағдарлама көрсетiп үлгердi.

Ресей жарылқай қоймаған миссионер Қазақстанға жиi-жиi келiп тұрады. Қазақстандық ақпарат құралдарына арқа сүйесек, ол 2003 жылы Республика сарайында «Сауықтыру және Жаратқан иенiң ғажап iстерi» атты дiни семинар өткiзген. Миссионер екi күн бойы 3 мың кiсiлiк залда уағыз айтқан. Бiр қызығы, оның аталған дiни семинарын сол баяғы – «31 телеарна» миллиондаған көрермендерге жеткiзiптi. Әрине, ақшаң болса, эфир уақытын сатып алу оңай iс. Бiрақ «31 телеарна» миссионерлер төлейтiн тиын-тебенге жарымай отыр дейсiз бе, әлде телеарна басшылығы «31 арнаның» – евангелистердiң басты ақпараттық құралына айнала бастағанын бiлмей ме екен?! Дiни мультфильмдер мен фильмдер де осы телеарнадан өзге арналарға қарағанда көбiрек көрсетiледi. Тағы бiр қызық жәйт. Осыдан төрт жыл бұрын Дэвид Хасавей елiмiзге мұсылмандардың қасиеттi айы – Рамазан айында келген едi, бұл жолы миссионер Наурыз қарсаңында елiмiзге ат басын тiрептi. Бұны қалай түсiнуге болады? Бұл шетелдiк миссионерлердiң қасақана жасалып жүрген әрекеттерi ме, әлде олар мұсылмандық әрi шығыстық мерекелердi евангелие дiни тармағына «жақындастырып», халықты өз дiндерiне алдап шақырмақ па?! Былайша айтсақ, олар евангелиенi «қазақыландыруға» тырысып бағуда. Естерiңiзге сала кетсек, осыдан төрт жыл бұрын Рамазан айында аталған миссионерлер өздерiнше «қазақ құрылтайын» өткiзiптi. Ендi қазақтың тойын көзге елестете аласыз ғой: домбыра, бұрқыраған қазан, кимешек киген апалар, тақия киген аталар… Дәл осындай қазақы той евангелистiк бағытта өтiптi. Халықты қазақы рухпен алдап-сулап өз дiндерiне иландырып жүргендердiң көздегенi не? Олардың көздегенi – мұсылман мемлекеттерi ретiнде ғасырлармен қалыптасқан Қазақстан мен Орта Азияны евангелие дiнiне иландырып, өз әмiрiн жүргiзу. «Қазақстанды 2010 жылға дейiн евангелилендiру жоспары» осыдан бiрнеше жыл бұрын жария болып, қазақ қоғамында үлкен дау-дамай туғызғаны жасырын емес. Бұл жоспарды әшкерелеген бiрқатар зиялы қауым өкiлдерi мен ұлт газеттерi дiни экспансияның жандана түсуiн осы құйтырқы жоспармен байланыстырған едi. Христиан әлемiнiң өз iшiнде православие немесе католицизм тармақтарының өкiлдерi өз қатарластарының протестант болуын қаламайды. Папа институтына «протест» ретiнде шыққан бұл дiни ағымды католиктер әлi де жарылқай қоймады, ал православие дiнiндегiлер евангелизмдi «америкаланумен» байланыстырады. Түптiң түбiнде әркiм өз дiнiн ұстануы керек. Бұл дұрыс та. Бiрақ Батыстың бiрқатар католик елдерi мен Ресейдi «евангелилендiрудiң» мүмкiн еместiгiн бiлетiн АҚШ-тағы халықаралық миссионерлiк ұйымдар мұсылман елi – Қазақстанға көз сүзгелi қашан?! Қазақстанды евангелиеге иландыру – бүкiл Орта Азия аумағын жаулаудың бiрден-бiр жолы. Сондықтан да Қазақстан келiмсек миссионерлердiң оңай «жемтiгiне» айналып отыр.
ДЭВИД ХАСАВИ МЫРЗА, БIЗДIҢ ДIНИ НАНЫМЫМЫЗҒА ҚОЛ СҰҚПАҢЫЗ!
 

Бiздiң шенеунiктер қазiрше әрқилы дiнаралық жиындар өткiзiп, Қазақстанның «көпұлтты һәм көпдiндi» имиджi үшiн тер төгiп жүргенде, елiмiзде мемлекет құрастырушы ұлт – қазақтар евангелистiк ағымның түрлi шiркеулерiне бөлiнiп жатыр. Бiрi – Иегова куәгерi, тағы бiрi – адвентист, ендi бiрi – сайентолог дегендей… Бұрын-соңды қазақ қоғамына жат дiни ағымдар әдейi қазақы ортаға бейiмделiп, «қазақы дiнге» айналып барады. Тоталитарлық секталардың бар қаруы – гипноз, адамға психологиялық тұрғыдан әсер етiп, «зомбиға» айналдыру, т.б. «Аллилуя, сендердi Құдай жақсы көредi», «Менiң Құдайым – Иисус Христос» дегендей ұрандар адамды экстаз сезiмiне дейiн апарады. Адам бiртiндеп осындай ұрандар айтып, би билеуге машықтанып, белгiлi қимыл-әрекеттердi қайталап тұруға бойын үйретiп алады. Ресейлiк мамандардың айтуынша, көп ұзамай мұндай сезiм – «рухани наркомания» дертiне айналады.

«31 теларнадан» көрсетiлген Дэвид Хасавейдiң уағызы нағыз евангелистiк дiни-шоу бағдарламадан аумады. Алдымен, ол протестанттық рухта бiраз әңгiмелер айтты. Кейiн қазақ пен орыстың кемпiр-шалдары шығып, Хасавейдiң арқасында қалай емделгендерi жайлы әңгiме еттi. Сөйтсек, миссионер – емшi, экстрасенс, тiптi «Құдай жолындағы дәрiгер» екен. Бiр Мәриям деген апай шығып, телеарналардан айтпайтын ауруын айтып, тез арада емделгенiн мақтанышпен жеткiзедi. «Аллилуя!» – деп, қазақтар айқайлап тұр. Бiр жiгiт, тiптi, маңдайын сипап, бата жасап тұр, екiншi жағынан: «Иисус» – дейдi. Қазақы дәстүр мен жатжерлiк ағымның ұштасқан тұсы осында. Бұл дегенiңiз – «гибрид дiн» ғой. Әйтеуiр, жиналғандарға сенсек, Дэвид Хасавей – «көп салалы дәрiгер» сияқты. «Емдеген аурулары» – қатерлi iсiк, артрит, грыжа, т.б. Астапыралла! Дэвид Хасавей соншалықты керемет болса, нелiктен оған Ресейде православие жастары қарсы шыққан? Ол соншалықты «әулие» болса, орыс БАҚ-тары не үшiн шулаған?! «Звезда» басылымына сенсек, «Новый завет» шiркеуiнде осы тектес жиындар жиi өтедi екен. Сөйтсе, Пермь қаласында тұратын Алевтина атты әйел қатерлi iсiк ауруымен ауырып, шiркеудiң жиналыстарына жиi барып тұрған. Халық алдына шыққан Алевтина бiр шетелдiк миссионердiң құлағына өзiнiң өлейiн деп жатқанын айтып, мұңын шағыпты. Бiрақ миссионер оған: «Мен емделдiм» – дегендi айтқызған. Жиналған жұрт «Аллилуя» деп жар салған. Әйел өз ауруымен қалған, ал жиналғандар өздерiне «өтiрiк үмiт» сыйлаған. Яғни, шынтуайтына келгенде, миссионерлер ешбiр аурудан ешкiмдi де емдей алмайды. Мұның бәрi өтiрiк уәде мен жалған сөздерге негiзделген. Миссионер экстрасенстер ауру адамдарға жалған үмiт қана сыйлайды. Осындайлардың кесiрiнен ауруын ушықтырып, қиналып өлгендер де аз емес. Бiрақ «әулиелердiң» жылы сөзiне сенетiндер жыл өткен сайын көбейiп барады. Бiз – мұсылманбыз. Қазақ ұлты мұсылман болып сақталғысы келедi. Бiрақ Дэвид Хасави сияқты «әулиелер» бiзге мұндай мүмкiндiктi бергiсi жоқ. «Қазақша құрылтай» өткiзiп, евангелие дiнiн «қазақыландырып», алдап-сулап, өз дiнiне иландырып, бiзден «мәңгүрт ұлт» жасамақ па?! Қазақтың бар тiлегi: «Дэвид Хасави мырза, бiздiң дiни нанымымызға қол сұқпаңыз. Бiз жат дiннен сусындап отырған ұлт емеспiз. Бiз мұсылманбыз, мұсылман болып қаламыз да»… Оңғар қажы ӨМIРБЕК, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы:
Телеарнадан ислами хабар ашуға мүмкiндiк жоқ
 

– Миссионерлер қазiр ойына келгенiн iстейдi. Бұған Дiн жөнiндегi заңымыздың ертерек қарастырылып, онда миссионерлiк әрекеттердiң бiзге қаншалықты зиян келтiретiндiгiн бiлмей, атүстi қабылданып кеткендiгi себеп. Қазiр бұл заңның толықтырулар мен түзетулердi қажет етiп отырғандығын өмiрдiң өзi дәлелдедi.

– Аға, осыдан төрт жыл бұрын Дэвид Хасавейдiң әрекеттерi елiмiзде үлкен дау-дамай туғызған жоқ па едi?! – Иә, осыдан төрт жыл бұрын осыған орай қазақ баспасөзi көп шулады. Бiрақ одан нәтиже шықпады. Мұның бәрi – заңымызды белден басушылық. Бiздiң Дiн жөнiндегi заңымыздың сақталуын тиесiлi құқықтық органдардың қадағаламай отыруы да қиындық туғызып отыр. Олар жеке ғимараттарында дiни уағыздарын өткiзсе болады. Ал, бiрақ олардың Алматыдағы Республика сарайында үш күн бойы тайраңдап, ойына келгенiн айтып, дiни тұрғыдан сауатсыз қазақтарды өзiне тартып, дiни насихатын жүргiзуi – халқымызды қорлау, басыну емес пе?! – Дiнаралық съезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телеарналардың бiрiнде «дiн сағатына» негiзделген бағдарламаның ашылатынын айтқан едi. Бiрақ телеарналарға келсек, бiзде ислами уағыздан гөрi евангелистiк бағдарламалар шаш-етектен. Оған «Рахат», «31 телеарнадағы» хабарлар дәлел… – «Дiни сағат» қазiргi жағдайда дүниеге келсе, оның өзi бiздi жарылқай алмайды. Телеарналарда ислами бағдарламалар жоқ деп айту ыңғайсыз болар. Бiрақ бардың өзi көпшiлiктiң сұранысын толықтай қанағаттандыра алмайды. Мұндай бағдарламаларға деген сұраныс көп. Қазiргi хабарлардың өзi бiз күткендегiдей «дiни сағат» емес. Батыстың демократиялық негiздерiн бiз ылғи үлгi етемiз ғой. Ал, сол демократиялық құқықтар бойынша, азшылық көпшiлiктiң пiкiрiн тыңдауы керек. Халқымыздың 70 пайызы ислам дiнiн ұстанып отырғанда, 90-шы жылдардағы қиындықтарды пайдаланып келген жатпиғылды секталар мен ағымдардың әрекетiн еркiн жiберу – елдiң болашағына балта шабумен бiрдей. – Нелiктен дiни басқарма телеарналардан уақыт сатып алып, жеке бағдарлама аша алмай отыр? – Бiзге ондай мүмкiншiлiктi бермейдi. Бiз «дiни сағатқа» дейiн «Хабар» арнасының басшылығына барып: «Бiз ата-баба дiнiн тек қана рухани, адамгершiлiк тұрғысынан насихаттап көрсетейiк» – десек, олар көнбедi. «Бiзде анау дiн бар, мынау дiн бар, ренжiп қалар» – деп басқаларды алға тартады. Бұлардың өздерi демократиялық құндылықтарды мүлдем бiлмейтiн сияқты. 70 пайыз көпшiлiктi құрметтеу керек емес пе?! Мемлекет ендi ғана осыны түсiне бастаған сияқты. Басы соққыға ендi тиiп, елдiң қауiпсiздiгiне келiмсек ағымдардың қаншалықты зиян тиерiн де сезiне бастағандай. Дiн жөнiндегi комитеттiң құрылуы, дiни сағаттардың ашылуы – соған дәлел. Оның үстiне алдағы мамыр айында Дiндер туралы Заңға толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу жөнiндегi мәселе қарастырылуы мүмкiн.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары