ҰЛЫС ЖЫРЫ

ҰЛЫС ЖЫРЫ

ҰЛЫС ЖЫРЫ
ашық дереккөзі
1354

Ұлыстың ұлы күнi Ақ пен Қара

Астасып — болады мәз Қарт пен Бала. Теңелiп төрт құбыласы табар таупық, Тағдырдың тауқыметiн тартқан Дала. Айырылып бейпарасат пенделiктен, Ереуiл ел тынысын ер кеңiткен. Құлпырып қызыл-жасыл керуен-наурыз, Қаулайды жас құрақтай көлге бiткен. Ұлыс бұл — Жақсылықты жан қалаған, Ақ бата адал асқа болған алаң. Түйсiнiп әз болмысын, танып тегiн. Аңдаған айырмасын Аңнан Адам. Ұлыс бұл — Жамандықтың дiлiн кескен Дос боп Қас атасының құнын кешкен. Күллi әлем Күннiң алтын нұрына елтiп, Жерде — ұл-қыз, Көкте — жұлдыз күлiмдескен. Ұлыс бұл — Тәңiр-Ана иген күнi, Қараға хақ теңдiгi тиген күнi. Теңдессiз құдiретке айналады, Адамзат табиғаттың сүйген құлы
ИРАН-ҒАЙЫП  

Серіктес жаңалықтары