ЖЕР ДАУЫ ӨРШИIН ДЕП ТҰР

ЖЕР ДАУЫ ӨРШИIН ДЕП ТҰР

ЖЕР ДАУЫ ӨРШИIН ДЕП ТҰР
ашық дереккөзі
304

Жер – ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының бас ауруына айналған едi. Қазақ зиялысы жерiнен айрылған қандасы үшiн басын тауға да, тасқа да ұрды. Патша Өкiметiмен бұл үшiн аш-араз да болды. Бiрақ, озбыршыл өктем күштер өз дегенiн iстедi. Қазақтың шұрайлы жерлерiн тартып алып, кедей шаруаны шөл және шөлейт аймақтарға қуды. Алайда, ол кезде қазақтың өз еркi өзiнде емес, бас бiлiгi басқа да едi. Ал, қазiр айдың күннiң аманында, өз қолы өзiне жетiп, елi егемен, жерi бостан болған заманда жерiнен тағы айрылды.

Қазiр теледидарды қосып қалсаңыз, радионың құлағын басып қалсаңыз жер үшiн алаөкпе болған қандастарымызды көремiз. Бiреуiнiң баспанасына көз алартса, екiншiсiнiң жерiне қызығады, үшiншiсiнiкi тiптi сорақы – жатақхананың бұрышында күнелтiп жатқан сорлылардан ендi оны босату талап етiлген. Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнде дәл осы проблема ушығып тұр. Тiптi, соңғы кезде жиi орын алып кеткен өзара қақтығыстардың себеп-салдары да жерге қатысты болатын түрi бар. Бiзге жеткен кейбiр мәлiметтер бойынша, Еңбекшi қазақ ауданы, Маловодныйдағы қазақ пен чешен арасындағы төбелестiң жер дауына да қатысы бар көрiнедi. Айталық, сол ауылдағы 400 гектар жер Махмахановтардың иелiгiнде-мiс. Ауылдың бейсауат малы олардың жерiне өтiп кетсе, не қолды болады, не өлтiрiледi екен. Демек, дау тек бильярдтың шартасынан ғана туындап отырған жоқ. Бiраз жыл бойы қордаланып қалған «мал ашуы да» болған. Сөйтiп, жердiң жекеменшiк нысанға өтуi – қазақ қоғамында аса қауiптi әлеуметтiк дертке айналатын түрi бар.

Өткен аптаның қорытынды жаңалықтарын мәлiм еткен «31-канал» телеарнасының «Состояние-kz» апталық бағдарламасы тағы да жантүршiгерлiк оқиғаны мәлiм етiп отыр. Шығыс Қазақстан облысының бiр ауданында 100 үйi бар ауылды бiр кездерi колхоз директоры болған Николай Крючков деген жекешелендiрiп алған. Сөйтiп, жүз отбасын баспанасыз қалдырған ол өз иелiгiн ресейлiк бiреуге сатып, өзi Ресейге тұрақты тұру үшiн тайып тұрған. Ал, жаңа ие ондағы тұрғындардың әрқайсысынан 1,5 миллион теңге төлеудi талап етiп отыр. Егер, бұл соманы жергiлiктi тұрғындар бере алмаса, баспанасынан қуып шығатындықтарын мәлiмдеп, қоқан-лоқы көрсеткен.

Қызығы, Николай Крючков колхозды заңсыз жекешелендiрiп алған. Ал, оған жергiлiктi сот төрағасы мүмкiндiк берген. Мәселенiң мәнiн журналист былай сабақтайды: «1997 жылдың көктемiнде бұған дейiн миллионер атанған колхоз «Янго» шаруа қожалығына айналады. Бұған дейiн колхоз бастығы болып келген Николай Крючков ендi осы қожалықтың бастығы болады. Оның құзырында колхоздың барлық мүлкi, соның iшiнде жергiлiктi халықтың жер үлесi де жалға беру құқығында болады. 2004 жылдың қаңтарында «Янго» шаруа қожалығын «Янго» ЖШС-i сатып алады. Сатушы да, сатып алушы да бiр адам – Николай Крючков. Миллионер колхоздың мүлкiн бар-жоғы 8 миллион теңгеге бағалайды. Ал, жер иелерiнiң пiкiрiне ешкiм елең етпеген. Алғашында БТИ екi Янгоның арасындағы сауда-саттықты тiркегiсi келмеген. Өйткенi, Н. Крючковта жұрттың мүлкiн сатуға немесе сатып алуға деген сенiм хат жоқ едi. Алайда, бұл iстiң жүзеге асуына аудандық сот бастығы Жәркен Арғынжанов көмектеседi. Олар бұл iстi жер мен колхоз мүлкiнiң иелерiнсiз, олардың қатысуынсыз жүзеге асырады.

Бүгiнде үй-күйiнен айрылған бұл ауылдың жаңа қожайыны «Жәрдем-агро» деген пайда болған. Олар бұрынғы колхозды түлету үшiн 380 миллион теңге жұмсағандарын айтады. Ал, жергiлiктi жұрт 8 айдан берi 5 мың теңге жалақыларын ала алмай отырған көрiнедi. Демек, «Жәрдем-агроның» акционер болғандығының өзi күмәндi. Сөйтiп «iс бiттi, қу кеттiнiң» кебiн бүгiнде шығыс-қазақстандық қарапайым тұрғындар киiп отыр. Жаңа қожайын тағы да Ресей азаматы. Сонымен қоймай, бiр кездерi миллионер болған колхоздың ендi банкротқа ұшырайтын түрi бар. Ал, ресейлiк қожайын оны тағы бiреуге сататынын айтып қоқан-лоқы көрсетiп қояды. Облыстық прокуратура аталған үйлердiң заңсыз жекешелендiрiлгенiн айтқанмен, оны қайтарып алудың жөнiн таппай қиналып отыр. Ең қызығы, бүкiл ауылдың мал-мүлкiн талан-таражға салған Крючковты ешкiм iздемейдi. Демек, тағы бiр ауылдың тыныс-тiрлiгi тоқтайын деп тұр.

Мұндай мысалдар Қазақстанның әрбiр түкпiрiнен кездесетiндiгiне кепiлдiк беруге бармын. Өйткенi, жемқорлық жайлаған елде сотты да, прокурорды да сатып алуға болады. Демек, «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дейтiн баяғы тәмсiлмен жұмыс iстейтiн билердiң заманы кеткен. Қазiргi билердiң туғаны – пара. Пара алса болды, иманынан айрылады. Жүздеген адамның көз жасы ешкiмдi толғандырмайды да.

Ал, «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн тұрғындардың жер телiмдерiн алып қою Конституцияға қайшы деген мәлiмдеме жасады. Конституцияның 26 бабында «Ешкiм өз мүлкiнен айрылуға тиiс емес. Азаматтардың мал-мүлкiн мемлекеттiң қажеттiлiгiне күшпен алу қажеттiлiгi туған жағдайда оған сол мүлiкпен тең дәрежеде өтемақы төленуi қажет» делiнген. Қазiргiлер мемлекеттiк қажеттiлiк дегендi сылтау етiп алып алады, коммерциялық мақсаттағы жобаларға сатып жiбередi, делiнген мәлiмдемеде.

Бiрақ, соған қарамастан бүгiнде жер дауы өршiп тұр. Бұның саяси мәнiнен әлеуметтiк мәнi зор. Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттiк архитектура-құрылыс академиясының жатақханасының тұрғындары бiрнеше күннен берi аштық жариялауда. Олар бұл жатақханада 20 жылдан берi тұрып келедi. Алайда, олар бұрынғы қызметкерлер, қазiр мұнда тұруға құқы жоқ. ал, студенттерге жатақхана жетiспейдi. Соған қарамастан, олар жатақхананы босатпау үшiн аштық жариялап жатыр. Барлығы қазақ, көбi жалғызбасты ана, әрине, олардың бұл қылығы заңға сыйымсыз. Бiрақ, барар жер басар тауы қалмаған шерменделердiң де әлеуметтiк мәселесiн бiржақты ету қажет сияқты».

Мiне, термелей берсеңiз жерге қатысты даудың шетi күн өткен сайын қылтиып, зорая түсуде. Айтулы «Жер кодексi» қабылданар тұста ұлт зиялылары жер сатудың әлi де ерте екендiгiн айтып дабыл қағып едi. Конституциялық мәнi бар, бүкiл-бүтiн ұлттың тағдырын шешкен оның әлi де шикi тұстары көп екен. Ең сорақысы қазақ өз елiнде жерге ие бола алмай отырғандығы. Демек, ендi осы тетiктердi iске асыратын мерзiм жеттi.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары