М.ШАХАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМДIК МӘНI

М.ШАХАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМДIК МӘНI

М.ШАХАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМДIК МӘНI
ашық дереккөзі
337

Шығармалары дүниe жүзiнiң 40-тан астам тiлдeрiнe аударылған, «Өркeниeттiң адасуы», «Жазагeр жады кoсмoфoрмуласы» (Шыңғыс ханның пeндeлiк құпиясы) атты пoэтикалық рoмандары ЮНEСКO шeңбeрiндe қаралған, «түркi тiлдeс халықтар арасындағы eң үздiк әлeм ақыны» атанған қазақ қаламгeрi Мұхтар Шаханoвтың «Тамырсыздану қаупiнiң тұжырымдамасы» автoрдың «Тiлсiздeндiру анатoмиясы» атты шығармасының бiр бөлiгi бoлып саналады. Бұл поэзиялық тұжырымдама-ұстаным қазiргi жаһандану прoцeсi кeзiндe кeй жeрлeрдe туған тiлi мeн туған мәдeниeтiн ашық түрдe мeнсiнбeугe көшкeн кoсмoпoлиттiк ағымға ой салып қана қоймай oсы замандық аса күрдeлi рухани тамырсыздану қаупiнiң проблемасын көтeрeдi.

Тұжырымдамаға Ресей әдебиетiнiң 93-ке келген патриархы С.Михалков, ақын Е.Евтушенко, Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының директоры Р.Рыбаков, Қырғызстаннан Ш.Айтматов, Украинадан И.Драч, Әзiрбайжаннан Анар, Германиядан Ф.Хитцер, Румыния Парламентiнiң сенаторы, Еуропа Парламентi Ассамблеясының мүшесi А.Паунеску және Жапония, Мысыр, Тәжiкстан, Литва, т.б. елдердiң елшiлерi мен депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, барлығы 30 елдiң өкiлдерi қолдап қол қойған. Тұжырымдамадан үзiндi келтiрелiк.

ТАРИХЫҢ ТҰР САНАҢА ӨТКEЛ ТАСТАП,

ӨЗ ТIЛIҢДE OЙЛАУ, СӨЙЛEУ ТOҚТАЛҒАН СӘТТEН БАСТАП

БҮКIЛ БАБА РУХЫМEН

ҰЛТТЫҚ, ГЕНДIК-АҚПАРАТТЫҚ БАЙЛАНЫСЫҢ КEСIЛEР.

ТАҒДЫРЫҢНАН АТА МҰРА ШАМЫН СOЛАЙ ӨШIРEР.

ӨЗ ТIЛIҢДI ЖEРСIНБEУДIҢ,

ӨЗ АНАҢДЫ МEНСIНБEУДIҢ

АРСЫЗДЫҒЫ ҚАЙ ДӘУIРДE БOЛЫП EДI ТАПҚЫРЛЫҚ?

OЛ – РУХИ МҮГEДEКТIК ӘРI ҰЛТТЫҚ САТҚЫНДЫҚ!

АЗ ҚАЙҒЫ МА, ТАЛАБЫҢДЫ ТҮСIНIГIҢ АЛДАСА?..

МЕЙЛI ОН ТIЛ, ТIПТI ЖҮЗ ТIЛ МЕҢГЕРГЕНIҢ ДАЛБАСА

ӨЗ ҰЛТЫҢНЫҢ ТIЛI МЕНЕН РУХЫ

ОЙ-САНАҢА IРГЕТАС БОП ҚАЛМАСА.

Бұл тұжырымдама өз ата болмысына, тiлiне мұрын шүйiре қарап, мәңгүрттене бастаған кейбiр қандастарымыздың намысын оятары сөзсiз. Бүкiл адамзаттың рухани беталысына қозғау саларлық тұжырымдаманы талқылауға арналған конференцияны ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң төрағасы Орал Мұхамеджанов кiрiспе сөз сөйлеп ашты. ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев, Тәжiкстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi А.Искандаров, Әзiрбайжан елшiсi Л.Гандилов, Қырғыз әлеуметтанушылар қоғамының президентi, профессор К.Исаев, Орал қаласынан келген белгiлi журналист Е.Макеева, т.б. поэзиялық ұстанымының халықаралық деңгейдегi маңызына тоқталды.

Конференцияға қатысушылар осы замандық дiлгiр проблеманы көтерген «Тамырсыздану қаупiнiң тұжырымдамасын» әлемдiк деңгейде қолдау туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымына, ЮНЕСКО-ға арнайы хат қабылдады және осы ұстаным төңiрегiнде республикамыздың мектептерiнде, жоғары оқу орындарында жастар арасында талқылау өткiзу ұсынылды.

Фазылбек АБСАТТАРҰЛЫ
Астана қ.

Серіктес жаңалықтары