ҚАЗАҚТЫҢ «ЖЫЛҚЫСЫ» МЕН «ТҮЙЕСI» – ГИННЕСТЕР КIТАБЫНДА

ҚАЗАҚТЫҢ «ЖЫЛҚЫСЫ» МЕН «ТҮЙЕСI» – ГИННЕСТЕР КIТАБЫНДА

ҚАЗАҚТЫҢ «ЖЫЛҚЫСЫ» МЕН «ТҮЙЕСI» – ГИННЕСТЕР КIТАБЫНДА
ашық дереккөзі
278

Өнер халықққа қызмет етуi керек. Алматыда «түйе керуенiн» өткiзудi ұйымдастырғандар бұл қағиданы өмiрлiк тұжырымға айналдырды. Бұл игi дәстүр Алматыда былтыр басталған.

Белгiлi суретшi, мүсiншi, әртiс, музыканттар мен спортшыларының қолынан шыққан көркем туындылар түйе көшiн түздi. Отыз түйе үш ай бойы Алматының әрiн келтiрiп, одан кейiн әр түрлi компнаиялардан өз иелерiн таппақ. Әр «түйенiң» құны – 3000 АҚШ доллары. «Түйе сату» аукционынан түскен қаржы толықтай Алматы ауруханаларына құрал-жабдық сатып алуға жұмсалады.

Былтыр тап осындай бастамамен жылқы мүсiндерi жасалып, қала көркiне сән берген едi. Алматының «тұлпарлары» Гиннестiң рекордттар кiтабына ендi. Ендi, «түйе көшi» де жылқы жануардан қалыспай, қазақы салттың көрiнiсiндей болып, қаланың әсем жерлерiнен орын тептi. Осы дәстүрдiң басы-қасында жүрген қала әкiмi Иманғали Тасмағамбетов: «Бұл керуен Алматыны айрықша ажарландырады» — дедi. Алматының басқа қалалардан өзгеше имиджiнiң бiр қыры — осы көш болмақ.

Қазақтың «жылқысынан» кейiн ендi «түйесi» де Гиннестiң рекордттар кiтабына енуi мүмкiн. Несi бар, әбден лайық.

Г.ОМАРОВА

Серіктес жаңалықтары