ЖАСТАР YШIН КIМ ЖАУАПТЫ?

ЖАСТАР YШIН КIМ ЖАУАПТЫ?

ЖАСТАР YШIН КIМ ЖАУАПТЫ?
ашық дереккөзі
315

Әр нәрсенiң орны сияқты, әр сөздiң де өз орны бар деп бiлемiз. Ол: ынсап, әдiлет, мейiрiм — Шәкәрiмнiң үш анығы да осы. Бұл үш анық ұждан болып келедi емес пе? Ұжданы сөгiлмегеннiң адамгершiлiгi мол. Адамгершiлiк тәрбиеге мән бермейiнше, ендiгi жерде қоғамның дұрыс өмiр сүруi екi талай. Қай заманда да барлықтың таласы болады. Жоқта ештеңе де жоқ.«Барлықтың таласуы» жаратылыстың бiр берiк жолы ма дерсiң. Сондықтан да бiрi «ақ үшiн», бiрi тақ үшiн бақ iздейдi. Оның ара-жiгiн дұрыс ажырату, ақ-қарасын тану әркiмнiң қолынан келе бермейдi. Дұрыс ой, әдiл көзқарас қажет, «науқассыз» сау ақыл қажет. Әйтпесе адам түрлi құмар ауруларынан шыға алмайды. Бұл дұрыстықтың негiзi — iзгiлiк. Ал iзгi ойлар — отбасы игiлiгi үшiн, Отанның күшi үшiн қажет.

Ұлы Абайдың артына қалдырған өсиетiнде:

«Жастықтың оты жалындап,

Жас жүректе жанған шақ.

Талаптың аты арындап,

Әр қиынға салған шақ.

Бұл шақтың қиындылығы екi түрлi бiрiне-бiрi қарама-қарсы адамның пиғылы мен пейiлiнiң қалыптаса бастауында. Оның бiрi — тән құмарлығы — iшсем, жесем, ұйықтасам. Екiншiсi —жан құмарлығы — бiлсем, көрсем, үйренсем» — деген екен. Жастар осы кезеңде тән құмарының емес, жан құмарына ерсе игi едi.

Сонымен, елдiң өркениеттi жас толқынмен байланыстылығы әр саладағы ғалымдардың, саясаткерлердiң, басшылардың әлеуметтiк сауаттылығы мен жауаптылығы мәселесiн тудырады. Олардың назарын бiрiншi кезекте өзiне аударатын құбылыстар — жас ұрпақтың биологиялық, психологиялық және әлеуметтiк денсаулығы; бала тәрбиелеушi отбасының моральдық, материалдық, бiлiмдiк және мәдени жағдайы; республиканың аумақтық-географиялық және демографиялық ерекшелiктерiн қатаң есепке алып, бiлiм мен тәрбие жүйесiн соған бейiмдеу, бала кезден бастап жас адамды өмiрдiң өзiне, бар проблемаларды шешу iсiне тiкелей қатыстырып, өзiнiң әлеуметтiк тәжiрибеде пiсiп-жетiлiп, адамдық мығуына мүмкiндiк беру; тек қана жақсылықты ғана емес, жамандықты да дер кезiнде танып-бiлiп, оған өзiнiң көзқарасы мен қатынасын айқындап, сана деңгейiнде таңдау жасауға тәрбиелеп көмектесу; жасынан бастап биологиялық және рухани денсаулығын құрметтеп, шығармашылыққа бой алдыруға қажеттi алғышарттарды тауып, iске қосу.

Ғылымның басты мiндетi — әлеуметтiк тәжiрибенiң соңынан iлесiп, соны түсiндiрумен әлек болу емес, дер кезiнде ғылыми негiзделген болжамдар жасап, әлеуметтiк тәжiрибеге айқын жол салу, ауытқуларды азайту. Соның бiр жауапты саласы — саясаткерлердiң әлеуметтiк жауаптылық мәселесi.

Тек екi аяғында мығым тұрған ел алға сенiммен адымдай алады. Алайда, ол сенiмге жеттiк дегенге сенемiз бе?

Айнұр Базарбаева, Қарағанды Мемлекеттiк университетiнiң студентi

Серіктес жаңалықтары