"ӘЙЕЛ ТЕҢДIГI" ҮШIН ҚАШАНҒЫ КҮРЕСЕМIЗ?

"ӘЙЕЛ ТЕҢДIГI" ҮШIН ҚАШАНҒЫ КҮРЕСЕМIЗ?

"ӘЙЕЛ ТЕҢДIГI" ҮШIН ҚАШАНҒЫ КҮРЕСЕМIЗ?
ашық дереккөзі
242

Мектеп болған соң семинар, конференцияларға жиi барып тұрамын. Бiрде қазақ тiлi және әдебиетi мұғалiмiнiң "Әйел теңсiздiгi" тақырыбындағы ашық сабағына қатыстым. Ойымда ештеңе жоқ. Алғашқыда саябырлау өткен сабақ оқушы қыздар белсене сөйлеген соң қыза түстi. Бәрiн қадағалап, бақылап отырмын. Қыза-қыза келе қыздарымыз;

— Байлар, хан-сұлтандар, молдалар — көп әйел алған, оңбағандар. Олар жап-жас қыздардың көз жасынан қорықпай шырылдатып малға сатқан. Әйелдердi еркектерден төмен санады. Жастар сүйгендерiне қосыла алмады, бақытсыз болды…

Бiлектiң күшiмен, найзаның ұшымен, күндiз күлкi, түнде ұйқы көрмей, басын құрбандыққа шалып, асты-үстi тола байлық, дарқан даланы ұрпағыңа қалдырғаның үшiн айтар алғысымыз осы ма едi деп күрсiндiм. Жүрегiм қан жылады.

Бiткен соң мұғалiм апайларына ойымды жұқалап жеткiздiм.

Ол болса:

— Бұл өтiрiк пе, әйелдердi қорлап, көп қатын алғаны? Оқушылар шындықты бiлсiн — дедi.

Бұған бiр нәрсенi түсiндiру мүмкiн емес. Осындай шала сауатты қаншама мұғалiмнiң миллиондаған баланы ата-бабасынан бездiрiп, тiлiн, дiнiн құрметтемейтiн дүмше қылып тәрбиелеп жатқаны бiр Құдайға ғана аян.

Ауылға келгесiн жоғарғы сыныптардың қазақ әдебиетiн қарап шығып, оқушылармен пiкiрлестiм.

Анаргүл:

— Оқулықтардағы барлық шығармаларды ой елегiнен өткiзiп түбiне үңiлсеңiз, барлық кейiпкерлер — ата-баба салт-дәстүрiнен, байлардан қорлық көрiп бiр-бiрiне қосыла алмаған бақытсыз жандар сияқты көрсетiледi.

Ақберен:

— Кез-келген шығарманы алыңыз бай, хан-сұлтан, қожа-молдалар тек жаман жағынан жазылған. Олар туралы мақтап, құрметтеп жазған бiрде-бiр роман түгiлi әңгiме таппаймыз.

Жұрағат қолына Қазақ әдебиетi оқулығын алып, былай дедi: "Қазақ әйелiнiң қас жауы әйелдерiн теңсiздiкте қорлық-зорлықта тұтып, малға теңеген феодалдық салтқа қарсы күрес"…

Роман арқылы феодалдық шiрiк салтты әшкерелеу, қалың халық бұқараны одан бездiру, әйелдердi азаттық күреске қарсы шақыру едi… Осылайша шұбыртып оқи жөнелдi…

"1924 жылдан берi ата-бабаларының салтымен қарсы күресiп келе жатқан Түркияны көрiңiз. Түрiктердiң түрiкше сөйлегенi болмаса, ұлтсызданып бiтуге даяр. Ендi дiнсiздену үшiн, дiнге қарсы Батыстың айтағымен мыңдаған адамдар өздерiнше көшеге шығып күресiп жатыр" — дедi.

Айдос:

— "Көкшетау" поэмасын оқығанда менiң көз алдыма "Әли Баба және қырық қарақшы" киносы келедi. Мұнда Әли Баба — жоңғардың қызы-дағы, қырық қарақшы — Абылай хан бастаған батырлар десе де болады — деп қалды.

Өзiм қайта оқып шықтым. "Жоңғардың қызы ақылды, дана. Абылай хан бастаған батырлар ақымақ, надандар" сияқты. Жоқ, осылай жазып, оқытып отырған бiз наданбыз.

Хан-сұлтан, батырларды құзғын-қарғаға теңеп қорлау, ақ пен қараны ажырата алатын адам үшiн өте ауыр. Бiзден өсiп келе жатқан жастар ақылды екен.

"Ақтабан шұбырынды да" жоңғарлар қолға түскен қазақ-еркеккiндiктiлердiң бiрде-бiреуiн тiрi қалдырмаған. Жаңа туған нәрестеден бес жасқа дейiнгi ер балаларды аспанға лақтырып найзамен шаншып, садақпен мергендiкке атып жарысса, бес жастан он жасқа дейiнгi ер балаларды көкпар қылып тартысқан, он жастан он беске жасқа дейiнгiнi допша қағып түсiрудi күнделiктi, жаттығуға айналдырған. Қазақтың еркектерiн жойса, қазақ ұлтын жоятынын жоңғарлар жақсы бiлдi. 6-7 жыл бойы жоңғарлар қатын қылған қазақтың қыз-келiншектерi, қазақтың емес жоңғардың балаларын мыңдап көбейттi. Бүкiл қыз-келiншектердi топырлатып, тоқалдыққа үстi-үстiне алып, ойға келгенiн iстеген. Жоңғарлар "Аңырақай шайқасында" "аңырап" жеңiлгенше алты жыл бойы қазақ даласы қан сасып кеттi. "Елiм-ай" зарлы әуенi содан қалған.

Қазiргi жауларымыз неше түрлi қоғамдық ұйымдар ашып, оны өздерi қаржыландырып, әртүрлi "әйел теңдiгi", "әйел мен баланы қорғау", "коммунизмнен" емексiтiп, қазақ еркектерiне қарсы — қазақ әйелдерiн салып қойды.

Кешегi "Раушан коммунистiң" сiңлiлерi осы күнге дейiн өздерi су iшкен құдықтарына түкiрiп, өздерiн қанынан жаратқан әке, аталарына қарсы сөйлеумен келедi.

Қазiргi заманның iрi ойшылы, философы Бенедикт Спинозаның: "Билiк басындағы әйел — бүкiл әлемге қатер" деген сөзi рас та шығар деп ойлаймын кейде. Өркениет әйелдерi ең соңғы еркектi жойғанша күреседi. Бүкiл билiктi өз қолдарына алған. Оларды тоқтату мүмкiн емес сияқты…

Бiздiң "көсемсымақ" әйелдердiң гендерлiк саясатының ақыры қазақ үшiн қатер боп кетпесiне кiм кепiл?! Қазiрдiң өзiнде 85 пайызын бiлiм саласында әйелдер басқарады. Бiрақ дәл осы салаларда бiлiм мен тәрбие азайып барады.

Балалардың бойында патриоттық сезiм 17-18 жасқа дейiн қалыптасады. Сондықтан әйел теңдiгiн орынсыз көтере бермей, әйелдiң басты парызы — ана болып, ұрпақ тәрбиелеу борышын ұмытпағанымыз абзал.

Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары