ҰЛТТЫҚ БIРЫҢҒАЙ ТЕСТIЛЕУ БАСТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ БIРЫҢҒАЙ ТЕСТIЛЕУ БАСТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ БIРЫҢҒАЙ ТЕСТIЛЕУ БАСТАЛДЫ
ашық дереккөзі
278

Мектеп бiтiрушiлердiң мемлекеттiк қорытынды аттестациялауы мен жоғары оқу орындары және колледждерге қабылдау емтихандарын бiрiктiретiн ұлттық бiрыңғай тестiлеу (ҰБТ) басталып-ақ кеттi. ҰБТ-ға қатысуға 144 мың 117 мектеп бiтiрушi өтiнiш бiлдiргендердiң iшiнде 83 мың 884-i қазақ тiлiнде, 60 мың 223-i орыс тiлiнде бiлiм алған бiтiрушi түлектер. Бiлiм және ғылым министрлiгi баспасөз қызметiнiң хабарлауынша, маусымның 10-15 аралығында 51 жоғары оқу орындары мен 103 орта мектеп базаларында орналасқан 154 тестiлеу пункттерiнде өткiзiлетiн ҰБТ-ға алғашқы екi күнде 62 мыңдай талапкер қатысқан. Мектеп бiтiрушiлер төрт пәннен; қазақ немесе орыс тiлi, математика, Қазақстан тарихы және таңдаған мамандығына байланысты таңдауы бойынша тапсырады.

Ал ҰБТ-ны ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 521,5 млн. теңге қаражат бөлiнiп, оған нысаналы трансферттер арқылы облыстық бюджеттерге мектеп бiтiрушiлердi тест өткiзу орындарына тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру жұмыстары кiредi. Тестiлеу шараларын өткiзудегi тәртiптi бақылау, тестiлеу жүйесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн ҰБТ пункттерiне 647 министрлiк өкiлдерi жiберiлдi. Сондай-ақ, биыл тест тапсырмаларының коды Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (ҰҚК) ведомствалық құпия деректер тiзiмiне ендi. Мемлекеттiк бiлiм беру және тестiлеу стандарттарының ұлттық орталығының директоры Исатай Сағындықовтың айтуынша, үстiмiздегi жылы ҰБТ-ның дұрыс жауаптарының кiлттерi құпия құжаттардың реестерiне қосылған. Себебi, өткен жылы дұрыс жауаптың кодтары емтиханға дейiн қолдан қолға өтiп кеттi деген ата-аналар тарапынан сын айтылған болатын. Соған байланысты тестке қатысты негiзгi база сақталатын компьютерлер қазiргi уақытта оқшауланып, ол бөлмеге 16 бейне бақылау құрылғысы орнатылған. «Яғни, тестiлеу орталығында 3-сәуiрден берi ҰҚК-i қызметкерлерi кезекшiлiк атқаруда, яғни ақпараттың сыртқа таралуы iс жүзiнде мүмкiн емес» — деп қорытындылады орталық директоры. Нәтижесiнде алғаш рет тест тапсырмаларының базасы барлық пәндер бойынша сараптамадан өткiзiлдi. Сараптаманы жүргiзу барысында тест тапсырмаларының мазмұны оқу бағдарламасына сәйкестiгiне басты назар аударылып, берiлген тапсырмалардың базасы мұқият қаралды.

Бiлiм және ғылым министрi Ж. Түймебаев алғашқы күнi Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық университетiнде болып, ҰБТ-ның барысымен танысты. Естерiңiзге сала кетсек, биыл тестiң ең төменгi деңгейi 60 балға көтерiлдi. Демек, бұл берiлген жалпы сұрақтың тең жартысын құрайды. Сол сияқты жаңа оқу жылына мемлекет 33 мың грант бөлiп отыр. Әрбiр ҰБТ өткiзу пункттерiнде аппеляциялық комиссиялар жұмыс iстеп жатыр. Ал ҰБТ-ның қорытынды нәтижесi жайында кейiнiрек тоқталатын боламыз.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары