ДӘРIГЕРЛЕР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ДӘРIГЕРЛЕР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ДӘРIГЕРЛЕР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
ашық дереккөзі
325

Баспана – бүгiнгi күннiң ең мұхтажды мәселесi болып отыр. Күннiң күнге шарықтап бара жатқан бағаның салдарынан жастарымыз баспана туралы ойлаудан қорқатын болып алды. Бұрынырақта, мемлекеттiк мекемеде iстейтiн жастар үшiн бiр үмiт болатын. Сол үмiтпен өмiр сүретiн. Ал, қазiр жастар сол үмiтiнен айрылып қалды.

Соңғы кездерi мемлекеттiк мекемеде iстейтiн қауым үшiн жақсы бiр жаңалықтың бiр ұшы қылтиғандай. Жеңiлдiктер болсын, арзандатылған несиемен болсын, пәтер алуға мүмкiндiк туған сияқты. Әсiресе, пәтерден-пәтерге көшiп, жеркепенi жайлаған қазақтар үшiн бұл да бiр қуанышты жайт. Осындай пәтердiң зары өткен жандардың бiрi – ол ақ халаттылар. Медицина саласында жүргендердiң көпшiлiгi пәтерге өте зәру. Осы орайда, ақ халатты жандардың төл мерекесiнiң қарсаңында, алматылық бiр топ дәрiгерлер пәтерге қол жеткiздi.

Мереке қарсаңында пәтер сыйлап, көңiлдерiн марқайтқан қала әкiмi Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов «Сыйлығыңызға рахмет!» деп жүрекжарды тiлегiн жеткiзген дәрiгер алғысына:

– Бұл — сыйлық емес. Бұл – өз еңбектерiңiздiң жемiсi. Қиын уақыттарға қарамай, «сабыр түбi сары алтын» деп еңбек еттiңiздер. Сол еңбектiң жемiсi. Шүкiр, экономикамыз өркендеп жатыр. Елбасымыздың қолдауымен жасалған реформалар жемiсiн беруде. Үлкен құрылыстар салынуда. Бұрынғыдай үй салып, бәрiн таратып беретiн мезгiл келмеске кеттi. Ол үйлер меншiкте де болған жоқ. Адамдар тұрды. Бiрақ сатуға, оны балаларға берiп кетуге жағдай болмады. Қазiр, жасыратыны жоқ, болашаққа сенiммен қараймыз. Әрине, келешекте де баспана мәселесi бiртiндеп шешiледi,–дедi.

«Тезiрек пәтерiн көрсем, тезiрек жаңа мекенжайыма жетсем» деген тiлекпен ақ халатты жандар «қоныс тойын» тойлауға жаңа пәтерлерiне қарай жол тартты. Ендi олардың «өз үйi, өлең төсегi» бар.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары