ТҰРҒЫН ҮЙ ДЕПАРТАМЕНТI МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛГЕ БЕТ БҰРДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙ ДЕПАРТАМЕНТI МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛГЕ БЕТ БҰРДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙ ДЕПАРТАМЕНТI МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛГЕ БЕТ БҰРДЫ
ашық дереккөзі
436

«Алматы қаласы мемлекеттiк тiлге көшедi» делiнгелi берi едәуiр iс-әрекеттер жасалып жатыр. Тiлге көшудi қалаға Иманғали Нұрғалиұлы әкiм болып келгелi берi жүзеге аса бастаған. Оның нақты көрiнiсiн қаламыздағы түрлi мекемелердiң ептеп болса да, iс-қағаздарын мемлекеттiк тiлде даярлай бастағанынан көруге болады. Сондай мекемелердiң бiрi – Алматы қалалық Тұрғын үй департаментiнiң құжаттарды қамтамасыз ету бөлiмi қала әкiмiнiң 2007 жылғы 14-наурыздағы 2/357 қаулысына сәйкес «Мемлекеттiк тiл саясатын жетiлдiру» тақырыбында семинар-кеңес өткiзген едi.

Семинар-кеңестiң кiрiспе сөзiн Тұрғын үй департаментi директорының орынбасары Қ. Тұрысбеков қала әкiмi И.Тасмағамбетовтiң қаулысының мемлекеттiк тiл саясатын жүргiзуде аса маңызды құжат екендiгiне тоқтала кеттi. Осы кезге дейiн департамент қызметкерлерi iс-қағаздарының көпшiлiгiн ресми тiлде даярлап келген екен. 2005 жылғы 1-қаңтардан бастап, атқарушы органдарда iс-қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзу туралы қаулысы шыққалы берi, департаменттер мен басқармаларда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң көбi тiлдi меңгеруге күш сала бастады.

Департамент нормативтiк-құқықтық актiлердi екi тiлде әзiрлеуге, iшкi шығыс құжаттарының тек мемлекеттiк тiлде дайындауға ерекше көңiл бөлiп отыр. Әрi аталмыш департаменттiң қызметкерлерiне баяндама жасаған заңгер-маман Людмила Чумакова құжаттардың мемлекеттiк тiлде дұрыс рәсiмделуiне ерекше тоқталып өттi. Сондай, заңгер жиынға қатысушылардың да талап-тiлектерiне, сұрақтарына жауап бердi. Мемлекеттiк тiл туралы нормативтiк-құқықтық актiлердiң бұзылуына жол берген мемлекеттiк органдардың, кез келген ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ өзге де тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беретiнiн де ескерттi.

Жиынды өткiзу үшiн Тiлдердi дамыту басқармасының орынбасары М.Ахет, бас маман Б.Сауғабаев қатысып, жергiлiктi атқару ұйымдарындағы мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясындағы көкейтестi мәселелерге де тоқталып өттi.

Тұрғын үй департаментi өткiзiп отырған бұл игiлiктi шара көпке үлгi болары сөзсiз. Бұдан кейiн өзге ұйымдар мен мекемелер де мемлекеттiк тiлге түбегейлi көшудi ойланар деген үмiттемiз.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары