«MADE IN KAZAKHSTAN» НЕМЕСЕ КҮЗДЕ ОТАНДЫҚ КОМПЬЮТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКIЗЕСIЗ

«MADE IN KAZAKHSTAN» НЕМЕСЕ КҮЗДЕ ОТАНДЫҚ КОМПЬЮТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКIЗЕСIЗ

«MADE IN KAZAKHSTAN» НЕМЕСЕ КҮЗДЕ ОТАНДЫҚ КОМПЬЮТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКIЗЕСIЗ
ашық дереккөзі
288

«Қазына» Орнықты Даму қорының Басқарма төрағасы Қайрат Келiмбетов Астанада өткiзген баспасөз-мәслихатында отандық өнiмнiң компьютер сипатында жасалынатындығы жайында ақпарат таратты. Осы жылдың күз мезгiлiнде, яғни, екi-үш айдан кейiн рынокке шығатын қазақстандық компьютерлердiң бағасы 350 АҚШ долларынан аспайды. «TECATA» сауда белгiсi аясында айналымға шығатын компьютерлер «GLOTUR» компаниясының Алматыдағы өндiрiстiк базасында құрастырылмақ.

Қайрат Келiмбетовтiң айтуынша, осы базаның өндiрiстiк қуаты жылына 100 мың дана компьютер құрастыруға мүмкiндiк бередi. Жалпы, жобаның инвесторлары «Қазына» қорының құрамына кiретiн Ұлттық инновациялық Қоры мен «GLOTUR» компаниясының құрамындағы АИФРИ «Glotur Technology Fund» компаниясы. Бұл жобаны iске асырарда Қазақстан халқының информациялық салада тепе-теңдiгiн қалыптастыру үшiн жасалынған Үкiмет бағдарламасы қаперге алынған. Ал «GLOTUR» компаниясының Басқарма төрағасы Қанат Нүрекенов: «TECATA жүйесiмен құрастырылатын компьютерлер заманауи стандарттарға толықтай сай келуiмен ерекшеленедi» дейдi. «Сондықтан да, Қазақстанда жасалынатын компьютерлер сапасы жөнiнен әлемдiк дәрежедегi «HP», «Dell», «IBM» секiлдi компаниялардың өнiмдерiнен еш кем түспейдi» деген Қанат Нүрекенов мұндай компьютерлердiң бар-жоғы 350 АҚШ долларын құрайтындығын тағы да еске салады. Ал Ұлттық инновациялық Қордың Басқарма төрағасы Нұрбек Раевтың айтуынша, «халықтық» компьютерлердi дайындау қазақстандық компаниялардың елдiң IT-секторына қосқан кезектi үлесi. Бүгiнгi күнi қазақстандық бес компания 5 млрд. теңге көлемiндегi жергiлiктi 11 инновациялық жобаны қаржыландырып отыр екен.

Яғни, «HP», «Dell» сауда маркасымен шығатын компьютерлердi шамамен 85000-11000 теңгеге алуға шамасы келiңкiремейтiн қазақстандықтарға ендi отандық өнiмдi бар-жоғы 43 000 теңгеге сатып алу мүмкiндiгi туады. Тағы бiр ескеретiн дүние: «Dell» секiлдi шетелдiк компьютерлер iстен шығып қалса, оны жөндеу қиынға түседi. Себебi, бұл компьютерлердiң қосалқы бөлшектерi айтарлықтай қымбат. Ал қазақстандық компьютер қай тұрғыдан қарасаңыз да, тиiмдi өнiм болмақ. Әрi, «HP», «Dell» компьютерлерiн бiз америкалық сауда маркасының аясынан көргендiктен де, оны мұхиттың арғы жағында құрастырылады деп ойлауымыз да мүмкiн. Ал шын мәнiнде, бұл компаниялар өз өнiмдерiн Оңтүстiк Шығыс Азия елдерiнде құрастыруға машықтанып алған. Өйткенi, бұл елдерде жұмыс күшi арзан. Шетелдiк компанияларға салық жеңiлдiктерi де қарастырылған. Сондықтан, Қытайда немесе Тайваньда құрастырылған «америкалық» өнiмге көз сатқаннан гөрi, отандық өнiмнiң артықшылығын түйсiнген дұрыс.

Арман БЕКЕНОВ

Серіктес жаңалықтары