БАТЫЛ БАСТАМА

БАТЫЛ БАСТАМА

БАТЫЛ БАСТАМА
ашық дереккөзі
324

Қызылорда қаласының шеңберiнде Сырдария өзенiнiң қорғаныс бөгеттерiн реконструкциялау мен жағалауын нығайту мәселелерiн шешу жөнiндегi түбегейлi шешуге кiрiстi. Бұл мәселе кейiнге шегеруге болмайтындықтан Республикалық бюджеттен 100 млн.теңге бөлiндi. Қазiр арнайы "Казгипроводхоз" жобалау институтының мамандары арнайы құжаттарды дайындау үстiнде. Жұмыстың көлемi үлкен болғанмен тез арада ТЭН-дi жасауды аяқтап, экономика министрлiгiне кейiн Республиканың бюджет комиссиясының қарауына ұсынбақ.<br>

Дегенмен, стихиялық апаттан зардап шеккен Қызылорда қаласы тұрғындарының проблемаларын шешу барысын жүзеге асырмақ.

Қазiр стихиялық апаттан зардап шеккен 4 саяжайдың тұрғындары қауiпсiз орындарға көшiрiлiп, тұрғындар үшiн барлық қажеттi жағдайлар жасалуда. Әйтсе де ауыз су үшiн ұнғұма қазылды, суландыруға канал жүргiзiлсе, жаңадан электр желiсi тартылып тiптi, қалалық маршрут ашылып, таксофондар орнатылды. Үкiмет қаулысына сәйкес қаржы жер телiмдерiнiң құнын өтеуге де бөлiнген болатын, ал жаңа саяжайға қоныс аударушыларға жер телiмдерiн тегiн бердi. Ал бұған бөлiнген қаржыны — бұрын бiрнеше рет су басып кеткен. Су қорғау аймағындағы өте жақын орналасқан елдi мекендерiн көшiру жөнiнде қолға алуда. Қызылорда облысының су қорғау аймағында 20 саяжай қонысы орналасқан.

Әлбетте, жергiлiктi билiк органдары олардың барлығын көшiрiп, өтемақы төлей алмайды.

Үнемделген қаржы су алу қауiпi бар аймақта орналасқан 1 саяжай кооперативi — "Еңбек орбита" және "Эдельвейс" тұрғындарына жетедi. Сондықтан үнемделген қаржы есебiнен оларға өтемақы төлеп, жаңа "Наурыз" саяжайына көшiрудi қолға алды. Алайда, Қызылорда қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесi де қолға алынуда. Қызылжарма жер асты су көздерiн барлауды аяқтау бойынша геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн 54 млн.теңге қажет. Бұндай қаржы облыста бар. Тек конкурс өткiзу ғана қалды. Бiрақ жер қойнауын пайдалану бойынша конкурстар өткiзуге мараторий жариялауға байланысты, бұл жұмыстар кейiнге қалдырылып келедi. Сондықтан да Сыр елi үшiн бұл өткiр мәселе. Конкурс өткiзудi күтпестен барлық нүктелердi байқау үлгiсiнде бiрнеше ұйымға жазылды. 420 метрлiк тереңдiктен мемлекеттiк стандарттын барлық талаптарына жауап беретiн таза су атқылауда. Сондықтан да тез арада конкурс өткiзу қажет.

Ал, Қызылорда қаласының су құбырларымен канализация жүйелерiн реконструкциялау мәселелерi де кезек күттiрмейдi.

Мира ҚАНАТБАЕВА

Серіктес жаңалықтары