«ТӘУЕЛСIЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ»

«ТӘУЕЛСIЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ»

«ТӘУЕЛСIЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ»
ашық дереккөзі
345

Өткен жылдың аяғына таман республикаға белгiлi ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нажман Разақұлы Күнқожаевтың «Тәуелсiз Қазақстан тарихы» атты зерттеу кiтабы жарық көрдi.Автордың алғы сөзiнде жазғандай бұл кiтаптан елiмiздiң Тәуелсiздiгiнiң 15 жылдығы iшiнде тәуелсiздiгiмiздiң тарихынан мол мағлұмат бередi.

Кiтап – он бөлiм, тараудан тұрады.Бiрiншi бөлiмiнiң бас тақырыбы. Тәуелсiздiк-қазақ халқының санғасырлық арманы деп аталып, тақырыбына сай Тәуелсiздiк жолындағы күрестiң кезең-кезеңiне тоқтап, ел басының ұстамы, ел-халықтың қолдауы ашыла түседi. Сондай-ақ осы бөлiмде КСРО-ның құлауы және оның себептерi және Қазақстан елiнiң тәуелсiздiктi жариялау кезеңдегi Қазақстанның саяси-ақуалы жалпы КСРО-ның дүние-жүзiндегi рөлi де жаймен қозғалған.

Кiтап XV ғасырда құрылған қазақ хандығының бүгiнгi тәуелсiздiк жолындағы күрестерi. XVIII- XIXғасырлардағы. Сырым батыр Датұлы (1783-1797ж) Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемiсұлы (1836-1838), 1837-1847 жылдардағы Кененсары Қасымұлы ұлт-азаттық күресi, Хиуа және Қоқан хандықтарына қарсы Жанқожа Нұрмухамет пен Есет Көтiбарұлы көтерiлiсiн тағы басқа да күрделi оқиғалардың мәнiн аша түскен.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңестiң жетiншi сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Заң қабылдады. Заңның бiрiншi бабында Қазақстан Республикасы Тәуелсiз мемлекет деп жариялады. Кiтап авторы, тарихшы Р. Күнқожаев Қазақстан Тәуелсiздiктi жариялау жолындағы оқиғаларды саралап, жалпы оқырмандарға түсiнiктi етiп жазған.

Екiншi бөлiмде: Тәуелсiз Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары, ресурстары және аймақтары туралы мәселенi көтере отырып Қазақстанның табиғат байлығы, оның ресурстары аумақтары жайлы тың деректердi қамтыған. Мұнда Астана қаласының республика астанасы болуы, келешек дамуы, Алматы қаласының бүгiнi мен ертеңгi көкжиегi айтылған.

Үшiншi бөлiмде: Қазақстан Республикасының Тәуелсiз мемлекет құрудағы саясатының бағыттарын атап-атап көрсетедi: жиналған консепцияның әрбiр бағытын қалыптастырудың өзiндiк ерекшелiктерi қиындықтарында сөз еткен. Осы бөлiмде бұлардан басқа мемлекеттiк рәмiздерi, президенттiк басқару мемлекеттiк нысанын айшықтай түседi. Қазақстан Республикасында билiктi бөлу, Қазақстан қоғамындағы бiртұтас мемлекеттiлiктi мәтiнiне қарай бөлiп-бөлiп жiберудi емес, оны функциясына қарай бөлудi және қос палаталы парламент құрылымы деп тоқтаған.

Президентiк басқарумен бiрге парламент жұмысына терең талдау жасаған. Сондай-ақ саяси құрылысшының бiр тармағын атқарушы билiк жайында сөз қозғаған мысалы мен мақсатын аша түскен. Аталған кiтапта сот билiгiнiң қалыптасуы және келешегi талданып судьялардың бiлiктiлiгiн алдыңғы талаптың өте жоғары болатынын өте қарапайым түрде жеткiзе бiлген.

Кiтаптың төртiншi бөлiмiнде республикамызда өмiрге келген саяси партия мен қоғамдық саяси ұғымдар және түрлi құбылыстар мен мемлекеттiк емес ұйымдар арнайы сөз болады. Олардың қалыптасуы саяси партиялардың қоғам дамуына қосар үлесi қарастырылған. Олардың жұмыстарынан нақты деректер берiлген. Зерттеу кiтаптың 5 бөлiмiнiң Тәуелсiз Қазақстан елдерi сыртқы саясаттағы ұстамына кезеңдерi Халықаралық аренаға шығу жолдары, сыртқы саясаттың қалыптастыру кезеңдерi бiр iздiлiкпен берiлген.Бұл тарауда iлiмiмiздiң Ресей федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Америка Құрама Штаты мен ТМД елдерiмен қарым- қатынастары жан-жақты, талданып, зерделенген.

Сауда-экономикалық байланыс, Еуропа, Азия елдерi мен қарым қатынасы, әскери қатынасының жүйесi қалыптасу кезеңдерi айтылған.

Кiтаптың алтыншы бөлiмiн түгелдей елiмiздiң нарықтық қатынастарға көшу және экономикалық жағдайы, экономикалық реформалар жасау бағыттары, шағын және орта бизнеспен орнығуы,ел өнеркәсiптiң көкжиегi сөз еткен нақты деректермен толықтырып отырған.

Мұнай, газ өнеркәсiбi шаруашылығы, Қазақстанның әлемдiк экономикасына кiру жолындағы 2006-2010 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары әңгiмеленедi.

Зерттеу кiтаптың жетiншi бөлiмi Қазақстан көлiк және жол, су қатынасы, құбыр жолдары мәселелерi тыңдалған. Кiтаптың 8 бөлiмiнде елiмiздiң ұлт және ұлтаралық қатынас пен халқымыздың әлеуметтiк жағдайына кең орын берiлген, ұлттық достығының нақты кодекстерi мен мысалдары көрсетiлген. Оған мысал ретiнде Қазақстан Халықтар Ассамблеясы республика халқының мәдениеттi дамуына,достық насихаттауға елеулi iстерi сөз болады. Осы бөлiмде. Халықтың әлеуметтiк жағдайы да нақты зиянды арқылы көрiнiс бередi. Кiтаптың 9-бөлiмiнде республикамызда мәдениет және философия сақтау саласында арнайы, әрбiр сөз, жеке-жеке талдаған.

Зерттеу еңбектерi оныншы бөлiмi ел Президентi Н.Ә.Назарбаевтың ел егемендiктiң, Тәуелсiздiк жолдауына, Қазақстанда әлемдiк қауымдастыққа елiмiздегi көшбасшысы ретiнде қарастырылған. Автор: «Қазақстан азаттық мемлекеттiк қалпына келтiрдi», «Тәуелсiздiк және елдiң ұлттық қауiпсiздiгi», «Қарым-қатынас және интеграция», «Қазақстанды әлемнiң тануы», «Дамудың» мақсаты және басымдылығы «Экономикалық бостандық», «Әлеуметтiк саясат», «Демократияландыру және саяси босатылуы», «Бейбiтшiлiк және келiсiм», «Қоғам және мемлекет қайраткерлерiнiң Н.Ә.Назарбаев берген бағасы» атты тақырыпшалармен берiлген зерттеулерiнде. Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың тәуелсiздiктiң 15 жылына жасаған еңбектерiнде айқын да ашық көрсетiлген. Сондай-ақ кiтаптың сыртында 15 жыл iшiндегi тарихи оқиғалардың жылнамасы берiлген.

Тынышбек ДАЙРАБАЙ

Серіктес жаңалықтары