«ДИУАНИ ХИКМЕТ» АУДАРМАШЫСЫМЕН ДИДАРЛАСУ

«ДИУАНИ ХИКМЕТ» АУДАРМАШЫСЫМЕН ДИДАРЛАСУ

«ДИУАНИ ХИКМЕТ» АУДАРМАШЫСЫМЕН ДИДАРЛАСУ
ашық дереккөзі
443

Ақын Есенбай Дүйсенбайұлының әйгiлi «Диуани хикметтi» қазақ тiлiнде сөйлеткен көркем аудармасы кезiнде Түркияда жеке жинақ боп жарық көргенi белгiлi. Осы еңбектiң кiтап боп шығуына демеушiлiк еткендердiң бiрi – Түркiстандағы Қожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ – Түрiк Халықаралық университетi.

Жақында Е.Дүйсенбайұлы «Ауылға көмек» акциясы аясында Түркiстан, Кентау кенттерiнде болып қайтты. Ақын Қазақ-Түрiк университетiнде өткен кездесуде Құл Қожа Ахмет Йассауи хикметтерi мен Абай поэзиясының түркiлiк түбi бiр туысқандығы туралы айтты, тәржiмаларын және өзi жазып жүрген «Әзiрет Сұлтан рухымен сырласу» кiтабынан хикметтер оқыды, оқушылар сұрақтарына жауап бердi.

Кездесу кешiнде аталған оқу ордасының вице-президентi, филология ғылымдарының докторы, профессор, аса бiлiмдар зерттеушi-әдебиетшi Құлбек Ергөбек сөз сөйледi.

Серіктес жаңалықтары