ҚЫБЫЛАҒА ТАҒЫ БIР РЕТ ЖҮЗIҢ БҰР

ҚЫБЫЛАҒА ТАҒЫ БIР РЕТ ЖҮЗIҢ БҰР

ҚЫБЫЛАҒА ТАҒЫ БIР РЕТ ЖҮЗIҢ БҰР
ашық дереккөзі
455

Жақында Алматы қаласының Iшкi саясат департаментiнiң қолдауымен «Төзiмдiлiк және дiннiң қоғамдық өмiрдегi рөлi» атты ғылыми-практикалық конференциясы болып өттi.

Зерттеу материалдарымен көзге түсiп жүрген ғалым, теолог, дiнтанушылардың баяндамалары да дiннiң тұрақтылығы мен маңыздылығына арналды. Мәселен, мерзiмдi басылым беттерiндегi төзiмдiлiк және рухани-сала мәселелерiнiң жариялануы атты баяндаманы жасаған «Простор» журналының бас редакторының орынбасары Сағын-Герей Зұлханұлы соңғы кезде бұл тақырыптың бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуына кеңiрек тоқталды. «Дiннiң Қазақстан халқының демографиялық өсiмi мен дамуында атқаратын рөлi» атты тақырыпты демограф Мақаш Тәтiмов өрбiттi. Ал «Алматы қаласындағы дiни жағдай және конфессия аралық төзiмдiлiк мәселелерi» жөнiнде Алматы қаласы әкiмiнiң дiни iстер бойынша инспекторы Владимир Иванов саралап бердi. Осы сарында бiрнеше баяндама тыңдалып, құлаққа iлерлiк пiкiрлер арнайы үндеу жариялауға алып келдi. Аталмыш тақырыптағы ғылыми конференцияға қатысушылар: «Дiннiң қоғамдық өмiрдегi маңызын мойындай отырып, мемлекет азаматтардың дiни сенiм еркiндiгiне деген конституциялық құқықтарының ешбiр кедергiсiз жүзеге асуына және дiни бiрлестiктердiң тиiмдi қызмет атқаруына барша жағдай жасап отырғандығын баса айта отырып, Қазақстанда қалыптасып отырған шынайы төзiмдiлiктi, конфессияаралық келiсiм мен дiни шыдамдылықты азаматтық қоғам институттары мен мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау қажет екендiгiн ескере отырып, төзiмдiлiктi полиэтникалық қоғамда әлеуметтiк келiсiм мен тұрақтылық нығая түсетiн мәдениаралық және конфессияаралық құндылықты аса маңызды құрал ретiнде қарастыру тиiс. Демек, барша конфессиялардың өкiлдерiн жанашырлықтың, тыныштық сүйгiштiктiң, дiни және ұлтаралық төзiмдiлiктiң жоғары үлгiлерiн насихаттауды күшейте түсуге; барша дiни бiрлестiктер мен қоғамдық ұйымдарды ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға, тең құқылы әрiптестiктi және ашық диалогты дамытуға шақырады. 2006-2008 жылдарға арналған «Ұлтаралық және конфессия аралық келiсiм моделiн жетiлдiру мемлекеттiк бағдарламасының» жүзеге асырылу тәжiрибесiнiң негiзiнде мемлекеттiң дамуының жаңа талаптарына жауап беретiн, дiни сенiм бостандығының нормативтi-құқықтық базасын әрi қарай жетiлдiре түсетiн 2009-2012 жылдарға арналған мемлекеттiк-шiркеулiк қатынастарды дамыту бойынша Мемлекеттiк бағдарлама және ҚР «Дiни бiрлестiктер мен дiни сенiм бостандығы туралы» Заңының кейбiр ережелерiне қазiргi заман талаптарына сай етiп, дiни саясат пен дiни бiрлестiктердiң қызметiн реттеушi жаңа заң қабылдау қажет; қоғамда рухани байлық пен адамгершiлiктi арттыру мақсатында дiни бiрлестiктердiң мүмкiндiгiн, оқшаулау және бейiмдеу орталықтарын конфессияаралық қатынастарды дамытудың құралы ретiнде мейлiнше толық пайдаланған жөн. Сондай-ақ, БАҚ-та дiни тақырыптағы төзiмдiлiк принциптерiн сақтай отырып, экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы тұратын ғалым-дiнтанушылардың пiкiрiн көбiрек беру керек деген ұйғарымға келдi.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары