БАС МУФТИ – ТАШКЕНТТЕ

БАС МУФТИ – ТАШКЕНТТЕ

БАС МУФТИ – ТАШКЕНТТЕ
ашық дереккөзі
351

14-16 тамызда елiмiздiң Бас мүфтиi Әбсаттар қажы Дербiсәлi Ташкентте өткен «Өзбекстанның ислам өркениетiне қосқан үлесi» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, «Х – ХIV ғасырлардағы Отырар (Фараб) ойшылдары және олардың қазақ мәдениетiндегi орны» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Ғылыми жиынға ЮНЕСКО, ОИК, ИСЕСКО, ИРЕСКО, Араб елдерi лигасы секiлдi халықаралық ұйымдармен қатар, Әзiрбайжан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Ресей, Украина, Мысыр, Марокко, Түркия және әлемнiң өзге де 31 елдерiнiң дiн iстерi жөнiндегi министрлерi мен бас мүфтилер, дiнтанушы ғалымдар қатысты.

Бiрнеше көрнектi ғалымдармен бiрге Әбсаттар қажы Дербiсәлiнi де Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримов қабылдап, құрмет көрсеттi. Кездесуде мұсылман елдерiндегi ислам дiнi мен мәдениетi, ғылымы, мұсылмандардың ынтымақтастығы мен бiрлiгi, дiни татулық, ислам жәдiгерлiктерiн сақтау мәселелерi ортақ әңгiмеге өзек болды.

Конференция арасында Әбсаттар қажы қонақтармен бiрге Ташкенттегi Имам Құффал аш-Шашиге (ХI ғ.) арналған үлкен кешенде болып, қасиеттi Құранның VII ғ. берi сақталып келе жатқан нұсқасымен танысты. Өзбекстан мұсылмандарының жаңа офисi, Барақ хан медресесiн тамашалады.

Қазақстан Республикасының Ташкенттегi елшiлiгiнде болып, елшi Асқар Мырзахметовпен сұхбаттасты. Сол күнi халықаралық және Өзбекстанның бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат бердi.

Келесi күнi (15 тамыз) ғылыми форум өз жұмысын Самарқанда Ұлықбек медресесiнде жалғастырды. Форум делегаттары Самарқандағы Қожа Уали Ахрар, Ақсақ Темiрдiң кесенесi, Бибi ханым мешiтi, Шаһи Зинда кесенесi және қала iргесiндегi Имам әл-Бұхариге арналған кешенiнде болды, тарихымен танысты.

Қазақстан Мұсылмандары Дiни басқармасы

Баспасөз қызметi

Серіктес жаңалықтары