БIЛIМ ДЕПАРТАМЕНТIНДЕГI ЖАҢАЛЫҚ

БIЛIМ ДЕПАРТАМЕНТIНДЕГI ЖАҢАЛЫҚ

БIЛIМ ДЕПАРТАМЕНТIНДЕГI ЖАҢАЛЫҚ
ашық дереккөзі
231

Өткен аптаның жағымды жаңалықтарының бiрi — қалалық Бiлiм департаментiндегi ауыс-түйiс болды. Қаламыздың бас мұғалiмi Гүлмира ЕСIМБАЕВА ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты болып кеттi. Осынау аса қырағылықты, бiлiктiлiктi, бiлiмдiлiкпен қатар ұйымдастыру қабiлетiн қажет ететiн күрделi саланы басқару, әрине, оңай болмаса керек. Әсiресе, кешегi тоқыраудың алғашқы жылдары ағарту саласының мамандары берекелерi қашып, басқа салаға ауысып, көптеген мектептердiң жабылып қалу қаупiнен аман алып шыққан бiлiктi басшының бұл саладағы атқарған қызметi көп едi.

Басшының, әсiресе, әйел-басшының үйдегi шаруасынан түздегiсi басым болған сол жылдарда үлкен төзiмдiлiкпен, бойындағы бар күш-қуатын бiлiмге жұмсауы азаматтық десек, артық айтпаспыз. Ол қызмет еткен он төрт жыл iшiнде отыздан астам мемлекеттiк бiлiм мекемесi ашылып, қазақ мектептерiнiң саны 13-тен 40-қа дейiн өскенiн, осы жылдар iшiнде 700-ге жуық баланың «Алтын белгiге» бiтiргенiн тағы бiр еске салып өтуге болар тiрлiк. Сонымен қатар қала оқушылары соңғы бес жыл бойы республикалық ғылыми жарыстан, ал соңғы үш жыл бойы республикалық пән олимпиадасынан бiрiншi орынды бермей келсе, бұл да мекеме басшысының қояр талабының, еңбегiнiң нәтижесi болар.

Сонымен, табаны күректей он төрт жыл басқарған Гүлмира Естайбекқызының орнына кiм келдi?

Қала әкiмiнiң бұл орынға таңдауы мемлекеттiк тiлге деген ынта-ықыласы, таза қазақи тәрбиенiң ортасынан шыққан бiлiктi маманға түсуi де тегiннен-тегiн емес. Сөйтiп, қаламыздағы ата мектеп саналар, кешегi кеңес дәуiрiнiң өзiнде жалғыз қазақ мектебi саналған Ш.Уәлиханов атындағы 12-мектеп директоры Рахат ШИМАШЕВА орын-таққа жайғасты.

Тарих ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин атындағы медальдiң иегерi, ҚР Бiлiм беру iсiнiң үздiгi Рахат Сейдахметқызы таңдаудың биiгiнен көрiнер деген қала басшысының сенiмi үлкен жауапкершiлiк артқан сынды. Арғы жағын айтпағанның өзiнде, елiмiздегi мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлерiн оқытып ұшырған бұл бiлiм ордасын басқару да оңай шаруа емес едi. Сондықтан да тәжiрибелi iскер жаңа басшыға бiз де сенемiз.

Таңсұлу Алдабергенқызы

Серіктес жаңалықтары