«ШАҢЫРАҚҚА» ҚАТЫСТЫ СОТ ПРОЦЕСI ТӘМАМ

«ШАҢЫРАҚҚА» ҚАТЫСТЫ СОТ ПРОЦЕСI ТӘМАМ

«ШАҢЫРАҚҚА» ҚАТЫСТЫ СОТ ПРОЦЕСI ТӘМАМ
ашық дереккөзі
245

Бiр-екi күндiкте «Шаңырақта» орын алған қақтығысқа қатысты сот процесi соңғы шешiмiн шығарды. Алайда, айыпталушы деп танылған 25 азамат ақырғы отырыста да өздерiн ақтауды өтiнiп қалуға тырысып баққанмен, тiрiдей жанып кеткен 24 жастағы полиция қызметкерi Әсет Бәйсеновтiң туыстары оларды темiр тордың iшiнде шiрiту керек деген ұстанымнан айрылмайтынын бiрнеше рет қадап айтты. Сонымен, сегiз айға созылған сот процесi немен аяқталды?

Құрқылтайдың ұясындай баспанасын қорғауға кiм болса да дайын. Бiрақ асыра қызбалыққа салынып, дәлiрегiнде не iстеп не қойғанын бiлмеген халық жан ашуына мiндi. Айыпталушылар соңғы даттарында қолмен iстегендерiн мойнымен көтеруге көндiксе де, отбасылық жағдайларына, денсаулықтарына байланысты әдiл шешiм шығаруды өтiндi. Ал басты айыпталушы деп танылған Арон Атабек өзiне жағылған қара күйеге келiспейтiндiгiн айтып, «бар кiнәм халықты қантөгiс қақтығысынан қорғағаным ба?» деп күйiнедi. – «Шаңырақта» 14 шiлде күнi болдым. Халықты қорғауға тырыстым. Әлi де қандай жағдай болмасын, қорғаймын. Еш нәрсеге өкiнiп, қорықпаймын да. Жасаған iс-әрекетiм дұрыс. Ел алдында азаматтық борышымды өтедiм. Маған 25 жыл тұрмақ ату жазасын берсе де өз сөзiмнен еш айнымаймын» дейдi ол.

Ал полиция қызметкерi Әсет Бәйсеновтiң ата-анасы: «Менiң балам 24 жасында қыршынынан кеттi. Сол себептен айыпталушыларды 25 жыл емес, өмiрлiкке сотталып, темiр торда мәңгi-бақи қалсын. Олар ерлiк емес, қылмыс жасады» дейдi. Қай ата-анаға болсын, баласынан айрылу ауыр соққы боп тиедi. Сот залындағы отырыста бейнетаспаны көргеннен кейiн Әсеттiң ата-анасының жағдайы төмендеп, бiрден ауруханаға түстi. Демек, жәбiрленушi жақ айыпталушыларға кешiрiм жасамау керек дегенге тоқтаса, қорғаушы топ сот процесi кiнәлi деп тапқандардың қылмысын дәлелдей алмады. Олар қамаудағы азаматтарды ұрып-соғу, қысқасы қысым көрсету арқылы әрқайсысына бiр емес, 4-5 баптан iлiп қойған дегендi алға тартады.

Алайда, сот үкiмi қазан айының басында белгiлi болады. Бiрақ заң өкiлдерi келесi отырыстың қай күнi өтетiнi туралы ауыз ашқан жоқ.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары