ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘРIСТЕРГЕ – 70 ЖЫЛ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘРIСТЕРГЕ – 70 ЖЫЛ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘРIСТЕРГЕ – 70 ЖЫЛ
ашық дереккөзі
245

29 қыркүйекте Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң мұрындық болуымен Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында үлкен басқосу өттi. Басқосудың тақырыбы бен мазмұны кәрiстердiң Қазақстанда өмiр сүрiп жатқанына 70 жыл толуымен байланысты өрбiдi.

Мәдениетi мен өмiр-тұрмысы жағынан қазаққа етене жақын кәрiс халқы 70 жыл бойы қазақ жерiнiң ауасымен тыныстап, қазақ елiнде түтiнiн түтетiп келдi. Қазақ жерiнде бiлiм алып, өсiп-өндi. 70 жыл бойы қазақ көрген жақсылықты бiрге көрiп, бiрге жылап, бiрге қуанды. Бұл да болса, елiмiздегi тұрақтылық пен татулықтың мызғымас айнасы шығар. 1937 жылы ел басына күн туып, абыр-сабыр заман жағадан алғанда қиындық пен тауқымет тартпаған халық жоқ. Осы аумалы-төкпелi заман ағымында қазақ жерiн паналаған кәрiс ұлты бар ауыртпалықты қазақпен бiрге көрдi. Мiне, содан берi 70 жыл. Кәдiмгiдей мереке ретiнде думандатуға лайық айтулы дата.

Басқосуға арнайы келген ҚР Мемлекеттiк хатшы Қ.Саудабаев, Корей сыртқы iстер министрi Ким Ен Хо сөз сөйлеп, отандастарын мерейтойымен құттықтады. Ал Корей қауымдастығының президентi және сенат депутаты Юрий Цхай мен вице-спикер С.Дьяченко татулығы жарасқан диаспора өкiлдерiнiң ауызбiрлiгiн, ынтымақтастығын айта келiп, әрқашан осы қалыптан ыдырамауға бiрауыздан күш салуға шақырды. Сол сияқты әр түрлi iрiлi-кiшiлi қоғамдық ұйым жетекшiлерi мен облыстық, қалалық әкiмшiлiк қызметкерлерi де өз кезегiнде сөз алып, кәрiстердiң Қазақстанда өмiр сүрiп жатқанына 70 жыл толуына орай өзiндiк еркiн әңгiме алмасу ұйымдастырылды. Әрине, кез келген мерейтой ән-думансыз өтпейдi. Қазақстандық кәрiстердi құттықтап, әннен шашу шашқан қазақстандық эстрада жұлдыздарынан Нұрлан Абдуллин бастаған топ пен ресейлiк жұлдыздардан Стас Пьеха мен Анита Цой келдi. Мерекелiк жиында Қазақстанның әр аймағынан келген делегаттар мен зиялы қауым, қоғамдық ұйым басшылары, сондай-ақ Қазақстанда өмiр сүретiн басқа да диаспора өкiлдерi қатысып, жүрекжарды тiлектерiн бiлдiрiп жатты.

Д.Мыңжасарқызы

Серіктес жаңалықтары