ЛАҢШЫЛДЫҚТЫҢ ТYPI KӨП...
ЛАҢШЫЛДЫҚТЫҢ ТYPI KӨП...
Жалпы жер бетiндегi дiндер әлемдiк және әлемдiк емес болып екiге бөлiнедi. Әлемдiк дiндер – Ислам, Буддизм және Христиандық, яғни бұлар бүкiл әлемге өз уағыздарын таратуға мүдделi дiндер. Алайда бұл жолда бұл үш дiннiң қолданатын әдiстерi бiрдей емес. Христиандар Ислам мен Буддизмнен ерекшеленiп, белсендi миссионерлiк жүйе негiзiнде әрекет етедi.
Миссия — латын тiлiнiң “Missio” сөзiнен және «мiндет, орындалуы тиiс тапсырма» деген мағынаға келедi. Демек миссионерлер белгiлi бiр орындалуы тиiс тапсырмамен жiберiлетiн адамдар. Аты айтып тұрғандай адамдарды христиан қылуды мiндеттi деп бiлетiн миссионерлiк Исламдағы тек қана естiртудi мақсат тұтатын тәблиғ — уағыздан мүлде басқаша. Бүгiнгi таңда христиандар миссионерлiктiң жағымсыз мағынасы мен тарихынан қашқақтап, миссионерлiк сөзiнiң орнына евангелизация және басқа да терминдер қолдана бастады.
Қазақстан жерiндегi миссионерлiктiң тарихы
Шамамен VII ғасырдан бастап қазақ жерiне христиандықтың Нестури тармағы түрiнде келе бастаған христиандар, миссионерлiк әрекеттер жүргiзiп келедi. Кеңес дәуiрiне дейiн бабаларымыздың берiк имандары болса, КСРО дәуiрiнде коммунистердiң езгiсi кедергi болып, айтарлықтай нәтижеге жете алмаған миссионерлер Совет Одағы құлағалы берi белсендi жұмыс iстей бастады.
Қазақстанда әрекет жүргiзiп жатқан дiндер:
— Ресей Православие христиандары;
— Батыс, Европа миссионерлерi (католик, протестант, евангелист, баптист, адвентист және т.б. ағымдар).
— Сонымен қатар ешбiр дәстүрлi дiнге бес қайнаса сорпасы қосылмайтын, алайда өздерiн сол дiннiң шынайы өкiлдерi деп санайтын кейбiр ағымдар да бар. (Кришна санасы, Иегова куәгерлерi ұйымы, Бахаилер, Ахмадилер, Сатанисттер, т.б.).
2000 ж. 24 желтоқсанда сөз сөйлеген Папа: «Бiрiншi мыңжылдықта Европаны, екiншi мыңжылдықта Африканы христианға айналдырғандарын, үшiншi мыңжылдықта кезек Азияға келгенiн» жариялаған болатын.
Христиан миссионерлер:
Миссионерлер Хазiретi Исаның сөзiне сүйенiп әрекет ететiндiктерiн алға тартады. Бiрақ нелiктен екенi белгiсiз аяттағы “үйрету” сөзiн уағыздау деп түсiнудiң орнына адамдарды христиандыққа қалай да кiргiзу деп пайымдаған екен. Алайда, Хазiретi Исаның өзi (ғ.с.) өзiне келген ақиқатты уағыздаумен шектелiп, өз борышының шектеулi екендiгiн түсiндiруге тырысқан. Иса (ғ.с.) бiрде өзiнен жәрдем сұраған бiр әйелге: «Мен Исраилдiң жоғалған қойларынан басқаға жiберiлмедiм», — деп жауап берген болатын. Тегiнде Iнжiлдегi дағуатқа байланысты айтылғандар тек қана үйрету мағынасында айтылған. Қалғаны Павлусқа тиiстi сөздер. Сондықтан да алғашқы дәуiрдегi христиан дағуатын тәблиғ (яғни естiрту, жеткiзу) деп атауымыз керек және миссионерлiктiң кейiн шыққандығын ұмытпауымыз керек.
Миссионерлердiң тәрбиеленуi:
Ағылшын миссионерi Mr. John айтады: «Миссионерлер бала күнiнен бастап, арнайы бiлiм алып, арнайы тәрбие дайындық көредi. Ол үшiн жыл сайын бастауыш сынып оқушыларынан зейiнi алғыр балалар таңдалып алынады. Дайын болған кезде көбiнесе Ислам өлкелерiне жiберiлiп, ондағы консулдыққа апарып табысталады». Оларға Шығыс адамдары надан, артта қалған, мәдениеттен жұрдай, тек қана миссионерлерге зар болып отырған адамдар деп танытылады. Барған жерiнде олар халықтың естiгiсi келетiн нәрселердi айтып, өтiрiктер бағасына болса да адамдарды христиан қылуға дайын болып барады.
Қазақстанда миссионерлердiң жұмыстарына қолайлылық тудыратын жағдайлар:
— Руханият әлсiздiгi және халыққа дiни бiлiмнiң берiлмеуi;
— Сыртқы көмектерге мұқтаждығымыз; маман және технология кемшiлiгi бiздi сырттан көмек iздеуге итермелейдi. Алайда, осылардың атын жамылып келiп жатқан миссионерлер еленбеуде. Қаржыдан қысылған ғалымдарымыз миссионерлердiң қаржылай көмегiне жүгiнуде. Бұл орайда әсiресе АҚШ бастамасымен БҰҰ iшiнде құрылған Ерiктiлер (Volunteer) ұйымының мүшелерi атын жамылып жүрген миссионерлер шет тiлi курстарында және мектептерiнде жұмыс жасауда.
— Қазақстан үкiметiнiң дiн және мәдениет саясатының бұлыңғырлығы; Тәуелсiздiгiн ендi алған өлкемiз капитализм, социализм, ұлттық идеология және жаһандану құндылықтары арасында адасып қалғандай. Кейбiр гуманист зиялыларымыз мұсылман бауырларымыздың өзге дiнге өтуiне кедергi болуды Ата Заңға қайшы, адам құқығына қайшы деп айтып жүр. Әрине мұның бәрi бiлместiктен, иманнан айрылудың қандай қасiрет екендiгiн және миссионерлердiң негiзгi мақсаттарының не екендiгiн түсiнбегендiктен.
— Дiн бостандығы жөнiндегi заңымыздың олқылығы; Мұнда iрi дiндермен бiрге майда ағымдар да еркiндiк алып, әр адамның жеке тағдыры үшiн де, Қазақстанның келешегi үшiн де қауiптi идеологияларын үйретуде.
— Қолында билiгi бар Ислам өкiлдерiнiң және Әдiлет министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк қызметкерлерiнiң әлсiздiгi, арнайы осы бағытта жұмыс iстейтiн комиссияның әлi күнге дейiн құрылмағандығы және арнайы дiни сауатты мамандардың әзiрленбеуi – үлкен кемшiлiк.
— Жастарымыздың рухани-материалдық халi; Экономикалық таршылықтан туындайтын ақшақұмарлық жұқпалы дерттей таралып, миссионерлер осыны пайдаланып жастарды өзiне тартуда. Сонымен қатар, миссионерлер жастарды қызықтыратын түрлi бос ойын-сауықтар ұйымдастырып жастарды өзiне қаратуды бiледi.
— Ислами бiлiмнiң кемдiгi; Миссионерлер көпшiлiкке ашық жиналыстарда Ислам жайлы сөз қозғамағанымен, адамдармен жеке қалғанда, ислами сауатсыздықты пайдаланып, дiнiмiздi қаралауға тырысады. Исламды бiлетiн адамдар олардың сөздерiнiң жаладан басқа ештеңе емес екендiгiн жақсы бiледi.
Миссионерлердiң жұмыс iстеу әдiсi:
Миссионерлердiң қолданбайтын әдiсi жоқ шығар. Алғашқы ғасырларда ең ауыр азапты көрсетiп, тiрiдей жағуға дейiн барған христиандар бүгiн бетiмiзге күлiп жүрiп, бояу кiтаптары мен ақшаларын қолдана отырып арқамызға пышақ тығуда.
– Мәдениетке сiңiсу:
Павлус шығарған әдiстердiң бiрi. Бұған байланысты әйгiлi миссионер Чарьлз Д. Егал былай дейдi: «Мұсылмандарға жақындау үшiн олардың дiн тiлiн қолданыңдар. Құранның iшiнен христиандық үшiн зияны жоқ аяттарды алып қолданыңдар. ..
Әрi мұсылмандардың жұма құлшылығына параллель жұма уағыздарын ұйымдастырып, үй шiркеулерiнiң лидерлерi имам секiлдi көрiнуiне болады. Үй шiркеуiне кiрерде аяқ киiм шешу, мұсылмандардың дiни рәсiмдерiне ұқсас рәсiмдер ұйымдастыруға болады».
– Зиянын ойланбастан нәпсi құмартатын нәрселердi тұзақ қылып пайдалану:
Жастарды музыка, компьютер және түрлi ойын-сауықтармен аулау, үлкендердi ақша, пара, қызмет ұсыну арқылы аулау және т.с.с.
Ауыр өнеркәсiп, соғыс күштерi, ядролық билiк, теледидар, баспасөз құралдарының солардың қолында болуы миссионерлiктiң көзiрi.
– Екiжүздiлiк:
Христиан дiнiнiң көкесi Павлус миссионерлiк әрекеттерi кезiнде қалай мәмiле жасайтындығын I. Коринтиялықтарға хатында жазады.
– Кез-келген жолмен адамдарды шоқындыру:
Христиан миссионерлiгiнде Павлустың бiр хатындағы жазғанындай «..кез-келген жолмен адамдарды дiнге кiргiзу» керек. Кез-келген жолмен! Жоғарыда айтылған әдiстерiн осы негiзге сүйенiп iстейтiндiктерiн айтады. Iшiнен елу мың қате табылған Iнжiлдiң әрбiр сөзiне кенедей жабыса бергенше миссионерлер бiр мезгiл адамгершiлiктi неге ойланбайды?
Бұларға қоса миссионерлерге адамдарға оңай жол табу үшiн қосымша мамандық берiледi. Мысалға дәрiгерлiк, мұғалiмдiк сияқты мамандықтар миссионерлiк үшiн өте тиiмдi. Мұнда, әрине, ешқандай арамдық жоқ, алайда, адамдар қаламайтын жерлерде және кездерде оларға дiнiн тықпалай беру, өз бетiмен дұрыс пен бұрысты айыра алмайтын перiште сәбилерiмiзге мұғалiм терiсiн жамылып дiндей өмiрлiк маңызды нәрсенi жасырын үйрету онша көргендiкке жатпайтын сияқты.
– Диалог:
1962 жылғы II. Ватикан жиынынан соң христиандар «Диалог» атымен Исламмен және басқа дiндермен жақын байланыстар орнатуды қолға алды. Бiрақ бұған барлық дiндер әрине күмәнмен қарайды. Себебi Исламға, Ислам пайғамбарына (с.ғ.с.) күйе жағу сол күйi жалғасуда. Cонымен қатар диалог тақырыбында христиандардың атынан сөйлейтiн адамдардың белсендi миссионерлер болуы «Бұл миссионерлiктiң жаңа әдiсi ме?», деген күмәнiмiздi арттыра түсуде.
Миссионерлердiң мақсаттары:
Негiзгi мақсаттары өз сөздерiне қарасақ:
1. Ескi құлшылықханаларын қайта қалпына келтiрiп, жаңаларын салу
2. Сол құлшылықханалары арқылы адамдарды өз дiндерiмен таныстыру
3. Осылайша Исаның екiншi келуiне жер бетiн даярлау
Бұл мақсаттарды хауарилерге және алғашқы христиандарға жарастыра алармыз. Алайда миссионерлiк жүйесi пайда болғанынан бастап, мақсаттары әрқашан дiннiң сыртына тасып, саяси, әлеуметтiк, экономикалық және мәдени тұрғыдан барған жерлерiнiң зиянына, келген жерлерiнiң пайдасына жұмыс iстеуде.
– Миссионерлiк және Империализм
Өз мемлекеттерi надандыққа батып жатқанда миссионерлердiң Африкада, Азияда сабылып жүруi жерасты байлығымыздан басқа нәрсе үшiн емес екендiгi көрiнiп тұр. Бұл жолда олар дәуiрiнiң ең мықты мемлекеттерiнiң көмегiн алып отырған. ХII-ғасырдан берi ең iрi миссионерлiк ұйымдардың арқа сүйерлерi алғашында Португалия, Испания, кейiнiрек Франция және Германия, одан берiрек Ұлыбритания және Германия, ал соңғы жылдары АҚШ болды.
Айқыш жорықтары айтарлықтай нәтиже бермеген соң христиандар мәдениетке сiңiсу әдiсi арқылы iстi басынан бастаған сыңайлы. Ол үшiн христиан мейрамдарын, христиан мәдениетiн сiңiстiруге тырысуда.
Өздерi де сенбейтiн жалған дiндерiне адамдарды алдап-арбап тартқанымен қоймай, олар нәтиже ала алмаған жағдайда тым құрмаса мұсылмандарды өзара қырқыстыруға тырысатыны жаман бәрiнен. Ұлт фанатшылығын, мәзһап фанатшылығын тудыру олардың ең үлкен қарулары және запастағы жоспарлары. Бұл мақсаттарымен олар өз араларында да жемтiкке таласады. Мәселен протестант христиан басқалардың католик немесе православ болып христиан дiнiн қабылдауына ешуақытта разы болмайды. Себебi әр мәзһап перде артынан бiр мемлекеттен әмiр алып отыр. Мәселен Православ миссионерлерiн Ресей, Католик миссионерлерiн Европа, Протестант мәзһабын АҚШ басқаруда. Ал АҚШтаттарын перде артынан билеп отырған және сол арқылы әлемнiң көп жерiне үкiмiн жүргiзiп отырғандар Яһудилер мен Бозреңдi Англо-Саксон протестанттары (Wasp-White Anglo-Saxon Protestants).
Христиандардың бұл мақсаттарын Кенияның (Африка мемлекетi) алғашқы Премьер министрi Камао Кениятта мына сөздерiмен керемет жеткiзген: «Миссионерлер жерiмiзге келген кезде Iнжiл олардың қолында, жер африкалықтардың қолында едi. Бiзге көзiмiздi жұмып дұға қылуды үйреттi. Көзiмiздi ашқан кезде Iнжiл бiздiкi, жер олардiкi болып шықты!»
– Миссионерлiк және Ориантализм
Европалықтар (яғни христиандар) Шығысты жабайы деп, ал өздерiн үстем этнос деп есептейдi. Джон Вестакл «Халықаралық Құқық Негiздерi» атты кiтабында артта қалған халықтарды басып алып, билеу керектiгiн алға тартады.
Шығысты бағындыруға бағытталған бұл Ориантализм негiзiнде миссионерлерге, миссионерлер қанаушылыққа қызмет етуде.
– Жеке бас пайдасы
Жеке басының пайдасы үшiн миссионер болып жүргендер де бар. Сiңiрген еңбегi үшiн «Хамелеон» лақабын алған ағылшын миссионерi William G. Palgrave тек қана жеке пайдасы үшiн Жизвит (Христиан ағымы) миссионерi болып өзiнiң протестант отанына қарсы жансыз болған. Жизвиттер уәделескен сыйақысын бермегенi үшiн қайтадан протестант болған. Бұл қауесет емес, ешкiм сұрамаса да өз аузымен мойындаған шындығы.
Қорытар болсақ, миссионерлер өз мемлекеттерiнiң жансызы, барлау күшi және олардың мақсаттары христиандықты уағыздау ғана емес, қабылдату, қабылдата алмаса ең азынан Исламнан суыту. Бұл жолда олардың кез-келген әдiстi қолданатынын да дәлелдермен сараладық.
Миссионерлерге қарсы не iстеуге болады?
Алдымен барлық христиандарды жаппай кiнәлаудан аулақ болған дұрыс. Себебi шын мәнiнде таза ниеттi христиандар өте көп. Сосын Исламнан басқа дiндерге ерiк бере отырып, Исламды өз дiнiмiз ретiнде ерекше қолдауымыз, ислами бiлiм берудi күшейтуiмiз керек; Миссионерлiкке қарсы арнайы мамандар дайындауымыз қажет; Мемлекеттiк дiни стратегиямызды белгiлеп, халқымыздың басым көпшiлiгi қолдайтын бiр ғана жолмен, Ислам дiнiмен жүруiмiз керек; Жетiмдерiмiздi миссионер өлкелерге сатуды доғаруымыз керек; Дiни басқармадағы, Әдiлет министрлiгiндегi құзырлы орындардың осы бағытта да терең жұмыс iстеуi керек; Ата Заңымыздағы «Зайырлы мемлекет» сөзiн алып тастап Қазақ Ислам Мемлекетi деп аталуымыз керек.
Дiн таңдау еркi және оны еркiн ұстану әр адамның құқығы. Мұнда зорлау жоқ екендiгi Құран Кәрiмде бекiтiлген. Ерiк берiлмеген болса бұл өмiрдiң сын мерзiмi болуының да мәнi болмас едi. Алайда опасыз әдiстер қолданған миссионерлерге қарсы күресу Қазақстанның, Исламның қамын ойлайтын әрбiр азаматымыздың қасиеттi борышы.
Әсет ӘНУАРБЕКОВ, дiнтанушы