ҚАЗКОММЕРЦБАНКТIҢ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРI ӨСТI

ҚАЗКОММЕРЦБАНКТIҢ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРI ӨСТI

ҚАЗКОММЕРЦБАНКТIҢ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРI ӨСТI
ашық дереккөзі
256

Қазақстандағы банктiк жүйенiң көшбасшысы Қазкоммерцбанк елiмiздiң алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялармен әрiптестiк негiзде жеке тұлғалардың баспана алуына байланысты ерекше несиелеу бағдарламасын ұсынады. Несие ағымдағы жылдың тамыз айына дейiнгi нарықтағы мөлшерлемемен берiледi.

Үстiмiздегi жылдың 16 тамызында халықаралық капитал нарығында және мемлекет iшiнде болған дағдарыстың салдарынан Қазкоммерцбанк жекелеген қызмет түрлерi бойынша жаңа шарттар енгiздi. Оған ипотека да iлiктi. Сондықтан жеке тұлғалар үшiн ипотека бағдарламасында жылдық сыйақы мөлшерлемесi 16%-ға дейiн жоғарылатылды. Алайда қазiр жағдай тұрақтанғандықтан, жылжымайтын мүлiк секторын қаржыландыруды бiр күнге де тоқтатпаған Қазкоммерцбанк бiздiң алдыңғы қатарлы құрылыс компанияларына жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша ынтымақтасуды ұсынды. Бұл бағдарлама компания үлескерлерiн бұрынғы пайыздық мөлшерлемемен несиелеудi көздейдi. Банк эконом және бизнес класты баспана тұрғызатын, сондай-ақ банкке өзiнiң ауқаттылығын дәлелдеген және ұзақ мерзiмдi жобаларды жүзеге асыруда әлеуетi бар компанияларды таңдады.

Бүгiнгi күнi Қазкоммерцбанк бес құрылыс холдингiмен келiсiм-шартқа қол қойды:

— «Базис-А», оның компаниялары Алматы қаласында «Янтарный», «Триумфальный», «Шахристан» және «Town House Солнечная Долина» секiлдi баспана кешендерiн (БК) тұрғызады;

— «BI Group» — «Номад», «Симфония», «Краун Плаза», «Шаңырақ-2», «Шаңырақ Премиум», «Гүлдер», «Солнечный», «Сармат» және «Мереке Каскад» (Астана қ.) баспана кешендерi;

— «ГражданПромСтрой» — «Сана» БК-нiң 1-3-шi кезегi және «Тамыз» БК-нiң 1-шi кезегi (Астана);

— «Отау Строй» — Рашидов бойындағы БК және Қонаев бойындағы БК (Шымкент);

— «Азия Техникс» концернi — «Ақбұлақ» БК (Астана).

— Сондай-ақ, жақын күндерi «ЖСК Век», «ТАМ-Құрылыс», «Меркур Град», «Бейбарыс Билдинг», «Нұр Инвест», «Строй Инвест Групп» сияқты компаниялармен келiсiм-шартқа қол қойылады.

Қол қойылған келiсiм-шартқа сәйкес аталған компаниялар құрылыс жүргiзiп жатқан баспана кешендерiнде пәтер сатып алу үшiн ипотеканы теңгемен 13,5% мөлшерлемесiнде алуға болады, яғни тамызда болған дағдарысқа дейiнгi мөлшерлемемен берiледi. Жаңа бағдарлама бойынша несиелеудiң басқа да ерекшелiктерi:

— Несие өтеудiң ең ұзақ мерзiмi – 30 жыл

— Алғашқы жарна сомасы — 20%. Егер жарна 30% не одан жоғары болса, онда төлем қабiлетiн растау қажет етiлмейдi!

— Несиенi рәсiмдеу және алдын-ала бөлшектеп немесе толығымен өтелгенi үшiн комиссия алынбайды.

— Қарыз алушыны қайғылы оқиғадан сақтандыру және несие кепiлзатын қамсыздандыру банк қарыз шотын жүргiзу комиссиясының арқасында өз мойнына алады.

Г.БЕКТАСОВА

Серіктес жаңалықтары