ҚОРҚЫТ УНИВЕРСИТЕТI – БIЛIМ МЕН ӨНЕР ОРДАСЫ

ҚОРҚЫТ УНИВЕРСИТЕТI – БIЛIМ МЕН ӨНЕР ОРДАСЫ

ҚОРҚЫТ УНИВЕРСИТЕТI – БIЛIМ МЕН ӨНЕР ОРДАСЫ
ашық дереккөзі
317

Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы облыстық саздыдрама театрында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнiң 70 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өттi.

Бұдан 70 жыл бұрын Қиыр Шығыстан көшiрiлген педагогикалық институттың негiзiнде iргесi қаланған университет елiмiздегi iргелi оқу орындарының бiрi.

Қызылордадағы бiлiм ошағы облыстың әлеуметтiк- экономикалық дамуының түрлi салаларында жоғарғы бiлiктi мамандар даярлап, халықаралық талаптарға бейiмделген, озық үлгiдегi материалдық-техникалық базасы қалыптасқан байырғы қара шаңырақ атана бастады. Университетте 800-ден астам студент – профессор дәрiс берiп, 11 мыңнан аса студент бiлiм алуда.

Сондай-ақ салтанаттың ашылуына университет ректорының мiндетiн атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Бақытжан Сайлыбаев iрi оқу орнының кешегiсi мен бүгiнгiсiн баяндады.

Әйтсе де мерекелiк шараға елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен академиктер, ректорлар бiтiрiп кеткен түлектер және зиялы қауымдар қатысты. Шет елден де зиялы қауымдар келiп, ыстық лебiздерiн бiлдiрдi. Швеция, Ресей, Украина, Түркия елдерiнен келген қонақтар тойдың куәсi болды. Кешке қатысқан облыс әкiмi Мұхтар Құл-Мұхаммед бүкiл зиялы қауымды мерекесiмен құттықтады.

Құрметтi университет ұжымы, түлектер, зиялы қауым өкiлдерi! Қорқыт Ата атындағы университетi – Қазақстанда көптеген жоғарғы оқу орындарында 70 жылдық тарихы бар, ата жасқа келген Қазақстандағы бiрден бiр оқу орнының бiрi. Оқу орнының 70 жылдығы құтты болсын! Университеттiң тарихына тоқталсақ, Тынық мұхит жағалауымен астасып жатқан Қиыр Шығыстан Қара теңiзге дейiнгi аралықта Батыс пен Шығыстың өркениетiн қосып жатқан, басталуы сол жақтағы екi университет пен институттан бастау алатын. Евразиялық үлгiдегi бүгiнгi күннiң басты идеясына айналған батыс пен шығысты жалғастырып жатқан, бiлiм мен iлiмнiң алтын көпiрi. Бүгiнгi заманның ақпараттық технологиясынан бастап, мұнай, газ, техника саласында өзiнiң профилi жөнiнен шын мәнiнде әмбебап оқу орны. Университеттiң ең үлкен мақтанышы оның түлектерi. Осы Досмұхамед Кiшiбеков, Надир Надиров сияқты ағаларымыз әлемге әйгiлi тұлғалар.

Университеттiң 30-40 жылдың iшiнде өркендеуiне аса зор еңбек сiңiрген жалпы стажы университеттi басқарғанына 30 жылдан асқан – олар профессор Уалихан Бишенбаев, профессор Бақберген Досмамбетов, бүгiнгi профессор, мәжiлiс депутаты Қылышбай Бисенов. Бұл азаматтар қай кезде болсын, өздерiнiң университеттерiнiң проблемасын ұмытпайды, әр уақытта көмек бермек.

Облыс әкiмi Мұхтар Құл-Мұхаммедтiң университеттiң 70 жылдығына жасаған үлкен сыйы – университеттiң сыртқы келбетi Астанадағы ең әдемi ғимараттар болып үш айдың iшiнде жаңарып, жасарып шықпақ. Университеттiң ең байырғы тарихи ғимараты, физика-математика факульетiнiң ғимаратында жөндеуден өткiзiп беретiндiгiн айтты.

Университеттiң бұрынғы ректорларына салтанатты түрде құрметтi профессор атағын бердi. Залды толқытқан, байырғы бiлiм ордасының түлектерi – елге есiмi белгiлi академиктер – Досмұхамед Кiшкенбаев, Надир Надировтерге халық ду қол шапалақтап құрмет көрсеттi. Ел ағалары туған ұясына шәкiрттiк те ұстаздық лебiздерiн арнап қара шаңырақтарын әрi ел болашағына лайықты қызмет көрсеткенiне сенiм бiлдiрдi.

М. ҚАНАТБАЕВА

Серіктес жаңалықтары