ӘЙЕЛ – МЕМЛЕКЕТТIҢ ЖҮРЕГI...

ӘЙЕЛ – МЕМЛЕКЕТТIҢ ЖҮРЕГI...

ӘЙЕЛ – МЕМЛЕКЕТТIҢ ЖҮРЕГI...
ашық дереккөзі
287

Биылғы оқу жылынан бастап «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениетi университетiнiң исламтану факультетiнде қыздар дәрiс алуда. Жақында I курс студенттерi «Қыз бала – болашақ ана» тақырыбында ашық сабақ өткiздi.

«Алиф» тобының ұйымдастыруымен өткен бұл дәрiсте тәп-тәуiр ойлар айтылды. Студент қыздар бұған ыждағатты дайындала бiлген екен. «Алиф» тобының старостасы Әйгерiм Тоқтамысова жүргiзiп отырды.

Сабақ барысында Иманқожа Данагүл, Көншiбаева Назира, Сайдығұлан Бұлбұл «Арақтың ана ағзасына зияны», «Хиджап – ар тазалығы», т.б. тақырып аясында баяндамалар жасады.

Соңында куратор Сәуле Тiлебалдина университет қыздарының жақсы бастамасына рақмет айтты.

«Мұсылман – мұсылманның айнасы» демекшi әйел көркейсе, ел де көркеймек. Ел тұтқасын ұстайтын азаматтарды дүниеге әкелетiн ана екенiн, әйел – мемлекеттiң жүрегi екенiн ұмытпайық!

К. ЖҰМАҒАЛИ

Серіктес жаңалықтары