“ШЕВРОННЫҢ” ШАПАҒАТЫ

“ШЕВРОННЫҢ” ШАПАҒАТЫ

“ШЕВРОННЫҢ” ШАПАҒАТЫ
ашық дереккөзі
367

Жақында Астана қаласының Ұлттық Академиялық кiтапханасында “Шеврон” компаниясының қаражатымен ғалымдар мен оқырмандарға арналған қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiнде мұнай мен газ геологиясы ғылымы мен өнеркәсiбiнiң тарихы, дамуы, мұнайхимия, экология, экономика, қаржы, автоматизация, электроника, электроэнергетика, жөнiнде интернеттерден де ақпарат алатын Электронды оқу залы ашылды.

Қазақстандағы алдыңғы қатарлы мұнай өндiрушi Теңiз және Қарашығанақ мұнай кенiшi мен Каспий Құбыржол Консорциумының акционерi, жеке меншiк “Шеврон” корпорациясының қазақ жерiнiң майлы жiлiгiн ұстағанына да 15 жылдың жүзi болыпты. Мұнай мен сұйық газ өндiрудiң жалпы көлемi 2006 жылы орташа есеппен 14,1 миллион тоннаны, ал өндiрiлген табиғи газ көлемi 4,65 миллиард текше метрдi құрағанын 2003 жылы Атырауда полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт, ондағы жұмыс iстейтiндердiң 100 пайызы қазақ елiнiң азаматтары екенiн, 60 миллион доллардан астам қаражат жұмсап, аурухана, университет, мектеп, электр тарату желiлерi, тұрғын үйлердi газ және сумен қамту жүйелерi мен жолдарды жөндеуден өткiзгендерiн мақтанышпен айтып өттi.

Өйткенi өткен ғасырдың 90 – ыншы жылдары қазақ елiнiң басына қаратүнек орнап, экономикасы дағарысқа ұшырап, шет елдiк инвестицияға зәру болып отырғанымызды “сәттi” пайдаланып, шаш – етектен пайда түсiретiн өз мүдделерiн ғана ойлаған келiсiм шарттарға мәжбүр қылып, ата – бабаларымыздың қанымен, жанымен қорғалып мұраға қалдырған байлығымызды сүлiктей сорып келе жатқан компанияларда жоқ емес. Тек осыдан ада болғай деп тiлейiк.

Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары