ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАНҒА ЕСКЕРТКIШ ҚОЙЫЛДЫ

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАНҒА ЕСКЕРТКIШ ҚОЙЫЛДЫ

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАНҒА ЕСКЕРТКIШ ҚОЙЫЛДЫ
ашық дереккөзі
338

Қазақ ғылымында өзге ғалымдардың орны бiр төбе болса, көрнектi ғалым, академик Әлкей Марғұланның орны бiр төбе. Ғалымның хаты ғана емес, аты да өлмейтiнi айқын екен. Соның дәлелi ретiнде, кеше Ұлттық академияның сол жақ бүйiрiне қасқайып, ғалымның мүсiнi қоныс тептi.

«Әлкей Марғұлан – бiртуар, қайталанбас тұлға. Әсiресе, оның елiмiздiң тарихына, көне дәуiрдi зерттеу мен этнографияны дамытуға қосқан үлесi ұшан-теңiз. Бүгiнгi таңда, ғалымның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан өсиетi мен өшпес ғылыми еңбектерi Елбасымыз Н. Назарбаевтың өзi тiкелей қолдаған «Мәдени мұра» Мемлекеттiк бағдарламасы аясында кеңiнен зерттелу үстiнде», – дедi Алматы қаласының әкiмi Иманғали Нұрғалиұлы ескерткiштiң ашылу салтанатында.

«Қазақтар туралы энциклопедиялық зерттеу iсiнiң алғашқы қарлығашына ескерткiш ашылады екен» деген хабарды естiген ғалымдарымыз ашылу рәсiмiне арнайы келiптi. Ғалымның туған қызы Дәнел апа да әкесiне жасалған құрметке өзiнiң ризашылығын бiлдiрiп жатты. Ғалымдардың көбi Әлкей Марғұланға жасалған тағзымның бүкiл ғылымға жасалған құрмет екендiгiн ашық айтты. Көрнектi ғалымның ескерткiшi ендi қазақ ғылымының көрсеткiшi ретiнде Ғалымдар үйiнiң маңайында салтанат құрып тұратын болады.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары